Қытай министрі Шыңжаңдағы "терроризмге қысымды арттырып, қырағылықты күшейтуге" шақырды

4033
Adyrna.kz Telegram

Қытай Халық Республикасының Мемлекеттік кеңес мүшесі, қоғамдық қауіпсіздік министрі Чжао Кэчжи Шыңжаңға жұмыс сапарымен барды. Ол Шыңжаң аймағында 19-24 наурыз аралығында болып, өзгерістерге баға берді. Бұл туралы 24 наурызда Синьхуа агенттігі хабарлады. 

Сапар барысында Чжао Кэчжи "терроризммен күрес және қоғамдық тыныштықты сақтауда қырағылықты арттыру керектігін" айтқан. Оның пайымынша Шыңжаң терроризммен күресу арқылы экономикалық жетістіктерге жеткен. Ол терроризм тарапынан тууы мүмкін қауіптерді ескере отырып, аймақтың тыныштығын қамтамасыз ету үшін терроризмге жасалатын қысымды арттыра беру керектігін айтқан. Халықаралық терроризммен күрес бөлімшелерімен де әріптестікті күшейту қажеттігін тілге тиек еткен.

Шыңжаң аймағында 2016 жылдан бастап "терроризммен күрес" деген желеумен өзге ұлт өкілдеріне қысым жасалып, адам құқығы тапталуда. Бұған қатысты Батыс Бейжіңге айыптаулар тағып, соңғы аптада санкциялар салды.

Асхат ҚАСЕНҒАЛИ

"Адырна" ақпараттық порталы

 

Пікірлер