Алматы тауларында қар көшкіні жүруі мүмкін

3226
Adyrna.kz Telegram

Алматы тауларында қар көшкіні жүруі ықтимал, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

26-27 наурызда Үлкен және Кіші Алматы өзендерінде (2100 м биіктікте) тау басындағы қардың еруінің және тұрақсыз жағдайдың әсерінен жауын-шашынға байланысты қар көшкіні жүруі мүмкін деп болжап отыр Қазгидромет РМК.

Қар көшкінін ықтималдылығына байланысты, қауіпті беткейлерге бару ұсынылмайды.

Қар көшкіні кезінде қандай әрекетке барған жөн?

  • Қар жауып тұрған уақытта және қолайсыз ауа-райында тауға шықпаңыз;
  • Тауда болғанда, ауа-райына назар аударыңыз;
  • Қар көшкіні жүруі мүмкін жерлерден аулақ болыңыз (көбінесе олар тау беткейлерінде болады);
  • Қар көшкінінен қауіпсіз жерге тез қозғалыңыз;
  • Егер қар көшкінінен қашып кету мүмкін болмаса, заттардан арылыңыз, көлденең күйде тұрыңыз, тізеңізді асқазанға қойыңыз, денеңізді қар көшкіні қозғалысының бағытына бағыттаңыз;
  • Егер сіз қар көшкініне түссеңіз, мұрын мен ауызды қолғаппен, шарфпен жабыңыз, қар көшкінінде жүзу қозғалыстарымен шетіне қарай жылжыңыз;
  • Қар көшкіні тоқтаған кезде бет пен кеуде тұсын тазалаңыз, тыныс алуға орын жасаңыз;
  • Айғайлаудың пайдасы жоқ, қар дыбыстарды толығымен өзіне сіңіріп алып оны мүлде естіртпейді, өз күшіңізді үнемдеңіз;
  • Жоғарғы аймақ пен төменді анықтап алыңыз (аузыңыздағы сілекейді жойыңыз), мүмкіндігінше тезірек шығуға тырысыңыз, аяғыңыздың астындағы қарды қозғап, оны таптаңыз;
  • «112», «109» жедел нөмірін теріңіз.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер