Билл Гейтс:"Пандемия 2022 жылға дейін жалғасады"

3479
Adyrna.kz Telegram

Microsoft корпорациясының негізін қалаушы Билл Гейтс әлемдік коронавирустық пандемия 2022 жылдың соңына дейін тоқтамайтынын айтты, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі. Бұл туралы ол TVN24-ке берген сұхбатында айтты.

Миллиардердің айтуынша, вакцинация вирустың таралуын тоқтатады. Билл Гейтс жүргізушінің сұрағына жауап бере отырып, барлық мемлекеттер COVID-19-дан толық құтылғанға дейін бүкіл әлем бойынша шектеулер сақталатынын айтты.

«2021 жылдың соңына дейін вакцинацияның деңгейі соншалықты жоғары болуы мүмкін. Аурудың саны азая бастайды, дегенмен мүлдем жойылады деуге келмейді. Маска тағу және көпшілік орынға жиналуға тыйым салу сияқты шектеулер әлемдік пандемиядан арылмайынша өз жалғасын табады», - деді ол.

Билл Гейтстің айтуынша, әлем 2022 жылдың аяғында қалыпты өмірге қайта оралуы мүмкін.

«Көпшілік қауым бәрін жалған деп естіп алып, бетперде киюден және вакцина алудан бас тартып жатқандығы өте өкінішті», - дейді миллиардер.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Врач рекомендует! Найден злейший враг боли в суставах!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Пікірлер