Елтаңба авторы Шот-Аман Уәлихан өмірден озды

4372
Adyrna.kz Telegram

ҚР Елтаңба авторы, белгілі сәулетші Шот-Аман Уәлихан өмірден озды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Қаралы хабарды Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова жеткізді.

«Қазақстан Республикасы Мəдениет жəне спорт министрлігінің атынан көрнекті сәулетші, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, "Құрмет", "Парасат", "Отан", "Даңқ" орденінің иегері, Қазақстан Республикасы мемлекеттік Елтаңбасының авторы, Тəуелсіз "Тарлан" сыйлығының лауреаты, ҚР сəулетшілер, дизайнерлер, жазушылар суретшілер одағының мүшесі, бүкіләлемдік Шыңғыс хан академиясының, Шығыс елдері Халықаралық сәулет академиясының, халықаралық сəулет академиясының академигі (Ресей Федерациясы) Шот-Аман Ыдырысұлы Уәлихановтың қайтыс болуына байланысты отбасы мен жақындарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтамын.

Шот-Аман Ыдырысұлы саналы ғұмырын сүйікті ісіне арнап, мағыналы өмір сүрген өз ортасына сыйлы, болмысы бөлек жан еді. Ол халқымыздың тарихындағы ардақты тұлғалардың ескерткішін жасап, ер есімін ел арасында ұлықтауға, сәулеті көз тартар ғимараттардың бой көтеруіне сүбелі үлес қосты»,-деп жазды ол Instagram желісіндегі парақшасында.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер