Татуласу рәсімдері қоғамды бірлікке шақырады – заңгер

2637
Adyrna.kz Telegram

«Адырна» ұлттық порталының кезекті сұхбаты Ақтөбе облысының отставкадағы судьясы Есдәуір Мұратқанмен болды. Кейіпкерімізбен Қазақстандағы сот жұмысы, соттан тыс татуласу рәсімдері мен соңғы оқиғаларға сәйкес Заңнамаларға енгізілген өзгерістер туралы әңгімелестік.

- Есдәуір мырза, еліміздің соттарында қандай мәселе жиі белең алады?

-Қайырлы күн, Диана! Қазақстанда 1996 жылдан бастап Сот жүйесінің жаңадан қалыптасуына көңіл бөлініп, сот жүйесі үнемі реформаланып келеді. Осыдан 12 жыл бұрын Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы судъялардың V съезін ұйымдастарып,соттардың мәселелерін атап өткен болатынЖалпы Қазақстан заңында белең алған мәселелер өте көп. Солардың бірі -  сот жүйесіне түсетін жүктеменің көп болуы, сондай-ақ жаңадан реформаланған экономика саласынан заң жүйесінің қалып қоюы. Әлем стандарттарына сәйкес, дау-дамайды шешуде соттан тыс балама тәртіптегі татуласу рәсімдерін кеңінен пайдалану керек.

- Біздің қоғамда соттан тыс балама тәртіптегі татуласу рәсімдері қалай жүзеге асады? Оны шешу үшін қандай заңдарға сүйенеміз қажет?
- Соңғы онжылдықта сот жүйесінде татуласу рәсімдері, оның ішінде медиация тәртібімен дауларды шешу жолдары кеңінен пайдаланып келеді. 28 қаңтар 2011 жылы «Медиация туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жарық көріп, ол заңда кәсіби және кәсіби емес медиаторлар жөніндегі ұғымдар, олардың негіздері мен татуласу шараларыайтылып өткен. Соған байланысты мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктер медиациа орталықтарын ашты. Кәсіби медиаторларды даярлау орталықтары, кәсіби және кәсіби емес медиаторларға мемлекет тарапынан қызмет етуге рұқсат беру тәртіптері, материалдық қамтамасыз ету базаларын салу мәселелері көтеріле басталды.

2015 жылы Елбасымыздың бастамасымен заманауи «Ұлт жоспары - 100 Нақты қадам» бағдарламасы» қабылданып, оның 11 қадамы сот реформасына негізделді. Қоғамды бірлікке шақыру үшін татуласу рәсімдерін кеңінен пайдалану бағдарламалары үйлестірілді.

2014 жылы жаңадан Азаматтық процессуалдық кодексі қабылданып, ол кодексте 17 тарау татуласу рәсімдері бойынша кеңінен жаңа ұғымдар пайда болды. Бұрын 1999 жылғы Азаматтық істер жүргізу кодексінде тек «бітімгершілік», яғни «мировое соглашение»деген ұғымды білетін едік. Енді медиациалық келісім, партисипативтік келісімдер жөніндегі татуласу рәсімдерінде жаңа ұғымдар пайда болды.

Соттар жұмысының заманауи форматтарын ендіру, артық сот рәсімдері мен шығындарын қысқарту мәселелері бойынша 2020 жылдың 10 маусымындағы № 342 ҚРЗ-на 16 баппен толықтырылды.

Татуластыру рәсімдері жүргізілген жағдайда талап қою арызын қабылдау үшін 10 күндік мерзім белгіленеді. Дау реттелген жағдайда судья талап қою арызын өзі іс жүргізуіне қабылдайды және тиісті келісімді бекітеді. Егер келісімге келмесе, сот тараптардың істі сол судьяның қарауына келісімін анықтауға, ал ол болмаған жағдайда – талапты басқа судьяға қайта бөлу үшін беруге міндетті.

Сотта медиация рәсімі барысында алынған дәлелдемелер тараптардың қарсылықтары болмаған жағдайда ғана судьяға ұсынылуы мүмкін.  

Партисипативтік рәсімді өткізуге екі тараптың да адвокаттарының, сондай-ақ «Адвокаттық қызмет және заң көмегі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес заң консультанттары палатасының мүшелері болып табылатын адамдардың да қатынасуымен жол беріледі.

Татуласу рәсімі шеңберінде жасалған дауды реттеу туралы келісімдер жағдайында талаптарының мөлшері немесе даудың мәні артқан жағдайларда мемлекеттік бажды қосымша төлеуден бас тарту көзделді.

- Сот саласында жүргеніңізге 19 жылдан астам уақыт өтті. Осы аралықта соттарға қойылатын талаптар қаншалықты қиындатылды яки өзгерді?
- Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасы Ж.Қ.Асановтың бастамасымен Қазақстан Республикасының сот жүйесін әрі қарай дамыту мақсатында  «Сот төрелігінің 7 түйіні» бағдарламасы іске қосылды. Ол:

1) Мінсіз судья;

2) Үлгілі сот;

3) Әділ процесс;

4) Сапалы нәтиже;

5) Смарт сот;

6) Коммуникациялық стратегия;

7) Татуласу:сотқа дейін және сотта.

Жоғарыда аталып өткен өзгерістерге сәйкес,судьяларға қосымша өкілеттіліктер берілді, қосымша міндеттер жүктелді. Оның бәріне тоқталып отыру ұзақ уақытты қажет етеді. Бірақ негізгі талаптар өзгерген жоқ, өзгермейді де. Тек осындай толықтырулар қоғамға сай қосылып тұрады. Соған бейімделе алу керек.

- Халқымыздың құқықтық сауаттылық деңгейіне тоқталып өтсек. Соттан тыс татуласу мәмілелері және Заңнамалық өзгерістер жайында халық қаншалықты хабардар? Азаматтарымызды ақпараттандыру үшін қандай шаралар өтті, медиа арқылы насихат жүргізу деңгейі қалай?
- Бағдарламаның «татуласу сотқа дейін» - жетінші түйінін іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының бастамасымен ақсақалдар алқасынан салиқалық ақсақалдарды жинап, «Сыртты жаудан, Елдің ішін даудан қорғау»атты акциялық жиындар өткізілді. Қазақстан Республикасының территориалдық аймақтарында ауыл ақсақалдарына соттан тыс татуласу тиімділігін нығайту жөнінде методикалық нұсқаулықтар таратылды. Бұқаралық ақпараттық құралдар - теледидар, интернет жүйелеріндегі инстаграм парақшаларына азаматтар арыздарын тікелей медиаторларға, адвокаттармен нотариус арқылы шешу жолдарын қарастырып соларға жүгіну мүмкіндігі түсіндірілді. Мектеп қабырғаларында «школьная медиациа» бөлмелері ашылды. Соттан тыс татуласу рәсімдері әр салада кеңінен пайдаланылуға Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты мен жергілікті соттар бастама көрсетті.
- Соттан тыс мәмілелер мен медиация орталықтарының дамуы кейін Сот билігінің беделі мен маңыздылығының төмендеуіне әкеледі деп ойламайсыз ба? Сот билігі өз күшін әрі қарай сақтап қалу үшін не істеу керек?
- Қазақстан Республикасы Конституциясының 75 бабының талаптарына сәйкес, Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады. Заңмен құрылған Республиканың Жоғарғы Соты, Республиканың жергілікті және басқа да соттары Республиканың соттары болып табыладыРеспубликаның сот жүйесі Республика Конституциясы және конституциялық заңмен белгіленеді. Қандай да бір атаумен арнаулы және төтенше соттарды құруға жол берілмейді. 

Қандай да бір соттан тыс татуласу орталығы құрылғанымен, азаматтар өздерінің құқықтарын жүзеге асыру үшін талаптарын бірінші татуласу орталықтарына емес, сотқа қояды.

2015 жылы қаңтар айынан бастап қолданысқа енгізілген. Азаматтық процестік кодекс бойынша «татуластырушы судья» «судья примиритель»деген жаңа ұғым пайда болды. Жоғарыды атап өткен заң талаптарына сәйкес, істің даярлық сатысында судья татуласуға жататын азаматтық, отбасылық, еңбек даулары бойынша істерге, тараптарға татуластыру жүргізеді. Яғни бұрын медиациа жүргізген судьяға істі негізінен қарауға болдырмайтын мән-жай болатын еді. Қазіргі таңда тараптар келіссе, медиациа жүргізген судья істі өз өндірісіне қабылдап қарау мүмкіндігі бар. Соған байланысты татуласу рәсімдерін сотта кеңінен қолдануға біздер, судьялар, бір адамдай атсалысуымыз қажет.

 Айтып өтетін жағдай - ол өзім қызмет етіп жатқан мамандандырылған жергілікті соттардың бірінші сатысы Ақтөбе гарнизонының әскери сотында былтыр 2019 жылы 131 азаматтық істерден 2 зиянды өтеу жөніндегі іс бойынша бітімкершілік рәсімімен тоқтатылып дау аяқталған болса, биыл татуласу істері болмаған. Себебі әскери бөлімдердің барлығы мемлекеттік мекеме болғандықтаназаматтық істердің көбі мемлекет ұйымдарға дау айту бойынша татуласы рәсімдерін қолдануға тиым салынды. Дегенмен Ақтөбе гарнизонының әскери сотының соттылығына жататын аймақтар, яғни Қазақстан Республикасының Батыс аймақтарында орналасқан әскери гарнизондарының басшылығымен сот төрағасы келісім жүргізіп,олардан сотқа қатынасатын өкілдерге АПК – нің 48 бабының талаптарына сәйкес бітімгершілік татуласуға өкілдік алдырып, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотымен қойылып жатқан татуласу рәсімдерін қолдануымыз керек деп санаймын.

-Сұхбатыңызға рақмет!

Диана АСАН,

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер