Серік АЙДАРБЕКОВ: Атырау облысында 103 мың жаңа жұмыс орны ашылмақ

1653
Adyrna.kz Telegram

Алдағы бес жылда Атырау облысында орын алатын өзгерістер туралы “Адырна” ұлттық порталының тілшісі Атырау облысының әкімдігіне бірқатар сауалдар жолдаған еді. Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Айдарбеков сұрақтарымызға жауап берді.

-Алдағы бес жылда Атырау облысында бірқатар өзгерістер орын алатынын тілге тиек еттіңіз. 7 мың отбасы баспаналы болып, спорт кешені мен медициналық нысанның құрылыс жобасы көзделіп отыр. Жоспарланған жұмыс ішінде тағы қандай ауқымды, халық игілігіне арналатын жобалар бар?

Nur Otan» партиясының Атырау облысы бойынша филиалының сайлауалды бағдарламасын орындау үшін жол картасы бекітілді. Аталған жол картасына сәйкес, облысымызда алдағы бес жылдықта 103 мың жаңа жұмыс орнын ашу, 7,2 мың пәтер немесе 450 мың шаршы метр тұрғын үй құрылысын жүргізу, 10 денсаулық сақтау, 11 мектеп, 56 балабақша, 6 жастарға арналған жатақханалар, 22 спорт және 3 мәдениет нысандар (оның 1-уі қайта жаңғырту) құрылысын салу жоспарлануда.

Сонымен қатар, аймақта 289,2 км жол, 153,46 км ауызсумен қамту желісі, 7 су тазарту имараттарын салу және барлық аудандарда қатты тұрмыстыққалдықтарды сұрыптау кешендерін іске қосу жоспарланған.

Бұған қоса, жалпы Атырау қаласы және аудандарда бекітілген аумақтық даму бағдарламаларына сәйкес тиісті жұмыстар атқарылуда.

-Өткен жылы атқарылған жұмыстардың есеп беру кезінде өңірдегі бағаны тұрақтандыру мақсатында 777 миллион теңге бөлінгенін баяндадыңыз. Баға тұрақталып, өзгерістер орын алды ма?

-Өңірде Атырау облысы әкімі төрағалық ететін «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларын өсірмеу жөніндегі штабы» құрылып, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларына және қорына апта сайын мониторинг жүргізілуде.

2020 жылы төтенше жағдай кезінде тұрақтандыру қорына жергілікті бюджет резервінен 776,850 млн.теңге бөліп, «Атырау» ӘКК» АҚ-ы есеп шотына аударылды. Аударылған қаражаттың 555,0 млн.теңгесі кәсіпкерлік субъектісі «Идеал Маркет» ЖШС-на қарыз беріліп, 400,0 млн.теңгесіне әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 15 түрі сатып алынып,  облыс бойынша 36 сауда-саттық нүктелерінде нарық бағасынан 10-15 пайыз төмен бағамен сатылуда. Ал 155,0 млн.теңгесіне 1-сұрыпты нан бағасын тұрақты ұстау мақсатында1000 тонна ұн сатып алынып, наубайханаларға таратылуда.

Бұған қоса, картоп және көкөніс өнімдерінің бағасын тұрақтандыру мақсатында, айналым сызбасы арқылы «Агрофеликс» ШҚ-на 200,0 млн.теңге қарыз берілді.

Облыс тұрғындарының әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына қолжетімділігін арттыру мақсатында Атырау қаласы және аудандарда 2020 жылы 26 жәрмеңке ұйымдастырылды және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру үшін аймақ кәсіпкерлері, ауылшаруашылығы тауарөндірушілері және ірі сауда орындарымен 50 меморандум жасақталды.

Бүгінгі күні, тұрақтандыру қорына жаңарту келісімшарттары арқылы 605,6 тонна картоп және көкөніс өнімдері тасымалданды. Тұрақтандыру қорындағы картоп және көкөніс өнімдері Дина, Көктем, Насиха, Сарайшық базарларында нарық бағасынан 10-15 пайыз төмен бағамен сатылуда (картоп 101 теңге; пияз 81 теңге; қырыққабат 92 теңге; сәбіз 90 теңге).

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағалары облыс әкімдігінің тікелей бақылауында және бұл бағыттағы жұмыстар биылда жалғасын табатын болады.

-Фракция отырысында сіздің қатысуыңызбен «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты «Nur Otan» партиясы Атырау облысының Сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру бойынша жол картасы талқыланды. Аймақта 10 ірі инвестициялық жоба іске аспақшы екен. Жалпы мақсат, бағыт қандай?

-«Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты «Nur Otan» партиясының Сайлауалды бағдарламасының 2021 – 2026 жылдаға арналған іс-шаралар жоспарына 10 инвестициялық жоба енгізілді. Аталған жобалар негізінен мұнай-химия саласын дамытуға бағытталған.

Инвестициялық жобалар:

1. Атырау қаласында газ-химиялық кешенінің құрылысын салу, «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС.

Жоба қуаттылығы: жылына 500 мың тонна полипропилен өндіру. Жоба құны-814 288 млн.теңге. Ашылатын жұмыс орны – 500 адам. Іске қосылу мерзімі-2022жыл.

2. Тығыздалған ауа шығаратын қондырғылар құрылысын салу, «Эр Ликид Карабатан Тех Газы» ЖШС.

Жоба қуаттылығы: сығылған ауа (4000-8000нм3/с) және азот (7000 нм3/с дейін) өндіру. Ашылатын жұмыс орны – 8 адам. Жоба құны-6 309 млн. теңге. Іске қосылу мерзімі-2021 жыл.

3. Атырау қаласында каустикалық сода және тұз қышқылын шығаратын зауытын салу, «Global Chemical» ЖШС.

Жоба қуаттылығы: жылына натрий гидроксиді (каустикалық сода) - 30 мың тонна, гипохлорит кальций – 16,5 мың.тонна, темір хлоры – 5 мыңтонна, тұз қышқылы – 8,5 мың. тонна, РАС-17 (алюминий оксихлориді) – 2 мың тонна өндіру. Ашылатын жұмыс орны – 56 адам. Жоба құны-29 960 млн.теңге. Іске қосылу мерзімі-2022 жыл.

4. Қашаған кен орнында газ өндеу зауытының құрылысы«GPC Investment» ЖШС.

Жоба қуаттылығы: жылына 1 млрд. текше м. газ өңдеу, оның ішінде тауарлы газ-694 млн. текше метр, техникалық пропан және бутан119 мың тонна, газды конденсат – 35 мың тонна, түйіршіктелген күкірт – 212 мың тонна. Жоба құны-378 400 млн. теңге. Ашылатын жұмыс орны –600 адам. Іске қосылу мерзімі-2023 жыл.

5. Атырау қаласында Жеңіл көмірсутектерді терең өңдеу химиялық кешенін салу, «Dostyk Gas Processing» ЖШС.

Жоба қуаттылығы: жылына шамамен 162 мың тонна изооктан (алкилат), 116 мың тонна тазартылған пропилен, сонымен қатар, жылына шамамен 48 мың тонна пропан, 27,4 мың тонна көлемінде бутан өнімдерін өндіру. Жоба құны-35 431,5 млн. теңге. Ашылатын жұмыс орны – 48 адам. Іске қосылу мерзімі-2023 жыл.

6. Атырау қаласында Пропан, бутан және синтетикалық табиғи газ шығаратын газфракция зауытының құрылысын салу, «Karabatan Chemical Corporation» ЖШС.

Жоба қуаттылығы: құрғақ газ, пропан фракциясы, изобутан фракциясы және т.б. өндіру. Ашылатын жұмыс орны – 233 адам. Жоба құны-52 млрд. теңге. Іске қосылу мерзімі-2024 жыл.

7. Атырау қаласында Полиэтилентерефталата және терефтал қышқылы өндірісін ашу, «Almex Petrochemical» ЖШС.

Жоба қуаттылығы: жылына 430 мың тонна полиэтилентерефталат375 мың тонна терефтал қышқылын өндіру. Жоба құны-283 876,2 млн.теңге. Ашылатын жұмыс орны – 230 адам. Іске қосылу мерзімі-2025 жыл.

8. Атырау қаласында Биоэтанол және пеллеттер өндірісін салу, «GreenTech CA» ЖШС.

Жоба қуаттылығы: жылына 500 мың тонна биоотын өндіру. Жоба құны-67 500 млн. теңге. Ашылатын жұмыс орны – 100 адам. Іске қосылу мерзімі-2025 жыл.

9. Атырау қаласында Газ-химиялық кешенінің құрылысы (2-кезең полиэтилен өндірісі), «KLPE» ЖШС.

Жоба қуаттылығы: жылына 1,250 млн. тонна полиэтилен өндіру. Жоба құны-3,2 трлн.теңге. Ашылатын жұмыс орны – 800 адам. Іске қосылу мерзімі-2026 жыл.

10. Атырау қаласында Катализаторлар өндіру зауытының салу, W.R.Grace&Co компаниясы.

Жоба қуаттылығы: жылына 14 мың тонна катализатор өндіру. Жоба құны-76 млрд.теңге. Ашылатын жұмыс орны – 113 адам. Іске қосылу мерзімі-2026 жыл.

-Жаңа экологиялық кодекс кәсіпорындарға қандай жаңаша жауапкершіліктерді жүктеді? Өңір экологиялық апаттан аман ба?

-Қазақстан Республикасының 2021 жылдың 2 қаңтардағы Қазақстан Республикасының экология Кодексінің (әрі қарай -Кодекс) талаптарына сәйкес экологиялық қатынастарды құқықтық реттеу мынадай қағидаттарға негізделеді:

-болғызбау қағидаты: қоршаған ортаның ластануын, табиғи ортаның тозуын, экологиялық залал және адамдардың өміріне және (немесе) денсаулығына зиян келтірілуін туғызатын немесе туғызуы мүмкін кез келген қызмет осы Кодексте белгіленген шеңберде, қоршаған ортаға әсер ету көзінің өзінде көрсетілген салдарлардың туындауын болғызбау жөніндегі барлық қажетті шаралар қамтамасыз етілген жағдайда ғана жол беріледі;

-түзету қағидаты: экологиялық залал толық көлемде жойылуға тиіс. Келтірілген экологиялық залалды толық жою мүмкін болмаған кезде, оның салдарлары ғылыми-техникалық дамудың заманауи деңгейі кезінде қаншалықты мүмкін болғанынша азайтылуға тиіс. Келтірілген экологиялық залалдың салдарын жойылмаған немесе азайтылмаған шамада оларды осы Кодекске сәйкес балама ремедиация жүргізу арқылы ауыстыру қамтамасыз етіледі;

- сақтық қағидаты: қандай да бір қызметтің салдарынан табиғи ортаға және (немесе) оның жекелеген құрамдастарына елеулі және орны толмайтын салдарлары бар экологиялық залал немесе адамдардың өміріне және (немесе) денсаулығына зиян келтіру қатері болған кезде, көрсетілген теріс салдарлардың басталу ықтималдығын негіздеу және жеткілікті түрде дәл бағалау мүмкіндігі ғылыми және техникалық білімнің заманауи деңгейінде болмауына қарамастан, экономикалық орынды шығындар кезінде осындай салдарлардың басталуын болғызбау бойынша тиімді және пропорционалды шаралар қабылдануға тиіс;

- «ластаушы төлейді» қағидаты: қызметі қоршаған ортаның ластануын, табиғи ортаның тозуын, кез келген нысанда экологиялық залал не адамдардың өміріне және (немесе) денсаулығына зиян келтірілуін туғызатын немесе туғызуы мүмкін тұлға Қазақстан Республикасының экология заңнамасында белгіленген, өз қызметінің жағымсыз салдарларын болғызбау және бақылау жөніндегі, оның ішінде келтірілген экологиялық залалды түзету қағидатына сәйкес жою жөніндегі талаптарды орындау бойынша барлық шығыстарды көтередіделінген кәсіпорындарға жаңаша жауапкершіліктер жүктелген.

Сондай-ақ, осы Кодекстің 418-бабында көзделген жағдайларды қоспағанда, 2021 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетіндігі қапергеберіледі.

Облыс үшін экологиялық ахуал — өте өзектімәселе. Экологиялық ахуалды және қоршаған ортаның сапасын жақсарту бағытында 2020 жылдың қыркүйек айында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесе отырып, Атырау облысының өзекті экологиялық мәселелерді шешу бойынша «Жол картасы» жасақталып, бекітілді.

Сонымен қатар, 2020 жылы желтоқсанда Мәскеу қаласында Ресей Федерациясы Экология және табиғи ресурстар министрлігімен 2021-2024 жылдарға арналған трансшекаралық Жайық (Урал) өзені бассейнінің экожүйесін сақтау және қалпына келтіру бағдарламасына және ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу жөніндегі Бірыңғай жол картасына қол қойылды. Аталған шараларды Ресей Федерациясы субъектілерімен бірлесе атқару Жайық өзенін экологиялық оңалтуға өзінің оң әсерін тигізетін болады.

Жалпы бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.

-Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау жұртшылығымен кездесу ұйымдастырған кезде шетелдіктер мен жергілікті жұмысшыларға бірдей жалақы беру туралы мәселені қозғаған болатын. Жұмысшылардың жалақы жағдайы реттеліп, оң сипат алды ма?

-Өңірде еңбек заңнамаларындағы құқық бұзушылықтарды болдырмау және шетелдік мекемелерде қазақстандық жұмысшыларға қатысты жалақы төлеуде кемсітушіліктерді жою мақсатында тиісті жұмыстар атқарылуда.

Облыс бойынша 2019 жылы шетелдік жұмыс күшін тартатын 43 кәсіпорында тексеріс жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде жалпы 390 заңсыздықтар, оның ішінде қазақстандық жұмысшыларға қатысты 107 жалақы төлеу кемсітушілік дерегі анықталды. Заңсыздықтарды жою туралы жұмыс берушілерге 24 нұсқама беріліп, 264 әкімшілік іс қозғалып,  96.5млн.теңге айыппұл салынды.

Нұсқамаларды орындау және 107 бұзылған еңбек құқықтарын қалпына келтіру үшін 59шетелдік қызметкерлердің жалақысы қазақстандық қызметкерлердің жалақысымен теңестірілді, 48 шетелдік жұмыскермен еңбек шарттары бұзылды, яғни, олардың штаттық лауазымдары қысқартылды.

Сонымен қатар, қолданыстағы еңбек заңнамаларына шетелдік жұмыс күшін тартатын кәсіпорындарды профилактикалық бақылаумен жыл сайын қамтуға мүмкіндік беретін тәуекел дәрежесін бағалау критерийлеріне тиісті толықтыруларенгізіліп, 2020 жылы облыс көлеміндегі 30-дан астам шетелдік жұмыс күшін тартатын 10 ірі мекемелерге профилактикалық бақылау және қадағалау жұмыстары жүргізіліп, қорытындысымен жалақы төлеуде теңсіздіктер мен кемсітушілік деректері анықталған жоқ. Дегенмен, еңбек заңнамасының басқа талаптарын бұзу фактілерін жою туралы жұмыс берушілерге 28 нұсқама берілді.

Бұған қоса, «Өндірістік процесстерді тұрақтандыру, қызметкерлердің еңбек құқықтары мен кепілдіктерін қамтамасыз ету, жұмыстан босатылатын қызметкерлерді әлеуметтік қорғау және жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша өзара ынтымақтастық туралы» Атырау өңірінде жұмыс жасайтын 178,1 мың қызметкерлері бар 3 509 мекемелер мен кәсіпорындармен меморандумға қол қойылды.

Сонымен қатар, облыс әкімдігімен жұмысшылардың еңбек құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету бағытында, тұрақты түрде бұқаралық ақпарат құралдары, интернет-ресурстары, әлеуметтік желілер және «1302» сенім телефоны арқылы құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, тұрғындардың еңбек мәселесіне қатысты сұрақтарына жауаптар мен кеңестер берілуде.

Облыс бойынша шетелдік жұмыс күшін тартатын кәсіпорындарда еңбек заңнамасының талатарының сақталуын қамтамасыз ету, оның ішінде қазақстандық жұмысшыларға қатысты жалақы төлеуде кемсітушіліктерді болдырмау бағытында, жоспардан тыс тексерулер мен профилактикалық бақылау жүргізу жұмыстары жалғасуда.

Егер берілген жауаппен келіспейтін болсаңыз, заңмен белгіленген тәртіппен шағым келтіруге құқылы екеніңіз қаперіңізге беріледі.

“Адырна” ұлттық порталы

 

Пікірлер