Төреғалидың қарындасы жұртты шулатты

6441
Adyrna.kz Telegram

Төреғали Төреәлінің қарындасы Фариза Төреәлі  өзінің Instagram парақшасында Америкалық оқу орнынан шақырту алған видеосын жүктеп жұртты шулатты, деп хабарлайды "Адырна" тілшісі.

Видеода 20 жасар ару Калифорниялық, Хьюстондық, Лондондық, Манчестерлік университеттен грантқа шақырту алып, қуаныштан көз жасына ерік берді.

Туған күнінде, отбасы мен туысқандарының жиынында жарияланған қуанышты жаңалыққа осыдан екі жыл бұрын ғана тұрмысқа шыққан Фариза Төреәлі, сенер-сенбесін білместен қатты қуанды.

"Дәл қазір айтарға сөз таппай отырмын.. Сене алар емеспін!

Күйеуге шыққанымда Америкаға түсіп тұрған жерімнен ата-анам "бір себеппен" мені жібермей қойған еді. Қаншама оқып , шетелге түскен оқуыма бара алмағаным үшін талай түндер жылағам.. Бірақ бәрі Алланың қалауы , болмай қалған нәрседе қайыр бар деп үйдегілер жұбататын. Дәл қазір кетпегеніме қуанам! Кеткенімде дәл қазіргінің бәрі менде болмас еді! Мені қаншама адамдар сөгетін, "бұрын оқуға түскенің өтірік" , "оқуың қайда", "не дипломы" жоқ.. таусылмайтын сын. Намыстанатынмын, өзгелерге емес өзіме мықты, білімді екенімді дәлелдегім келетін! Енді міне Калифорниялық, Хьюстондық, Лондондық, Манчестерлік университеттен ГРАНТҚА ШАҚЫРТУ алдым!" деп жазды Фариза өз парақшасына.

Ару әлі де әлемнің 20 университетінен хабар күтетінін, солардың арасынан бір университетті таңдайтынын айтты.

Желідегі жазылушылары:

"Керемет 20жасқа келіп қаншама жетістікке жетіп жатсың! Аллам тіл көзден сақтасын! Бақыт тілеймін тек қана!", "Мен аяғы ауыр екен деп ойласам", "Құтты болсын! Жарайсың!", "Мықты қыз!" деп жазуда.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер