Өзбекстан АҚШ әскери базаларын кіргізбейтінін айтты

5507
Adyrna.kz Telegram

Өзбекстанның Қорғаныс министрлігі ел аумағында шетелдік әскери базаларды орналастырудың мүмкін еместігін жариялады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Sputnik Тәжікстанға сілтеме жасап.

Департаментте түсіндірілгендей, бұл елдің қорғаныс доктринасында және Конституциясында қарастырылмаған.

«Қорғаныс саласындағы іргелі құжаттарда бұл сұрақтарға нақты жауаптар бар. Онда аймаққа шетелдік әскери базалар мен нысандарды орналастыруға жол берілмейді делінген», деді Өзбекстан қорғаныс министрлігінің өкілі.

Департамент өкілі сонымен қатар Өзбекстанның қорғаныс саласындағы саясаты елдің қарулы күштерінің бітімгершілік операцияларына және шетелдердегі әскери қақтығыстарға қатыспау қағидатына негізделгенін қосты.

Бұған дейін АҚШ Өзбекстан мен Тәжікстанға өз әскерін орналастыруы мүмкін екені жарияланған болатын.

Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, бірқатар әскери қызметкерлер мен АҚШ президенті Джо Байден әкімшілігінің өкілдері Өзбекстан мен Тәжікстанға әскерлерді орналастыру ең жақсы шешім болады деп санайды.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Пікірлер