Шымкентте Инвтакси тегін

4346
Adyrna.kz Telegram

Бүгінде Шымкентте жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы тарапынан қаладағы мүмкіндігі шектеулі жандар үшін кедергісіз орта қалыптастыруда тиісті шаралар атқарылып жатыр. Мүгедектігі бар азаматтардың белсенді өмір сүру салтын қалыптастыру мақсатында инватакси ұйымдастырылған.

Шымкент қаласында мүгедектерге арналған такси қызметі пайда болғанына биыл 10 жыл. Жоба «Қалалық мүгедектер қоғамы» бірлестігінің бастамасымен жүзеге асқан. Инватакси қызметін жыл басынан бері 500-ден астам азамат қызмет алуға өтініш тапсырған. Күніне 170-180 тапсырыс қабылданады. Өтініш беруші 1 күн бұрын диспетчерге (8 (7252) 57-70-06) хабарласып тапсырыс қалдыра алады. Инватакси қызметі тегін.

Бекітілген 18 автокөлік арнайы жылжымалы құрылғымен және кресло-арбаларды орнатуға арналған құралдармен жабдықталған. Арнайы көліктермен азаматтар қала ішіндегі қалаған мекен-жайына бара алады.

Айта кетейік, бүгінде Шымкент қаласында 37 046 мүмкіндігі шектеулі азамат тіркелген. Оның ішінде: бірінші топ-3324, екінші топ-14 950, үшінші топ – 12 288. Ал 18 жасқа дейінгі 6484 мүгедек бала тіркелген.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Пікірлер