АҚШ-тағы 3,9 миллиондық Toyota Camry-50 Қазақстанға кірерде 9 миллионнан асып кетеді

11582
Adyrna.kz Telegram
Бұл не сұмдық!?
Қазақстандағы көліктің жыры қазір аяқталмайды!
Алдағы 10-15 жылда қазақстандықтардың басым бөлігі сапалы көлікке қол жеткізе алмайтын сияқты. 
Егер де сіз Toyota Camry 50 - Бруклиннен біздің теңгемен 3,9 миллионға аласыз. АҚШ-тан жеткізілуі 1 миллион 50 мың теңгеге түседі. Сонда елге жеткізілуі мен толық сатылымдағы сомасымен Toyota Camry 50 4,9 миллионға түседі. Ал, Қазақсандағы тіркелу мен кедендік баж салығы-663 000, оған қосымша + 12% НДС - 468 000, утильсбор- 1 325 000, тіркеудегі алғашқы төлем-1 325 000, ТС мен СБ 350 000т.
Сонда жалпы көліктің бағасынан бөлек қосымша шығын 4 132 000 болады. Яғни, бұл сіз алып келген көліктің бағасынан да жоғары сома болады.
Сіздің АҚШ-тан 3.9 миллионға алған Камриіңіздің бағасы Қазақстанға жеткенде 9 миллионға шығады.
Toyota Camry 50 біздегі бағасы 9-11 миллион арасында. Ал, айырмашылықты есептеңіз.
Бекболат ҚАРЖАН,
"Адырна" ұлттық порталы 
Пікірлер