147 рет жол ережесін бұзған

1975
Adyrna.kz Telegram

Ақтөбе облысында Өзбекстан азаматы 147 рет жол-көлік ережесін бұзған деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталының тілшісі.

Облыстық полиция департаменті әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері "Мираж-Ураган" модернизацияланған жүйесінің көмегімен Өзбекстан Республикасы азаматының жыл басынан бері 147 рет  ВАЗ-21099 автокөлігімен жол ережесін бұзғанын  анықтады.

Қала жолдарында жүргізуші жылдамдық режимінен 146 рет асып, бір рет бағдаршамның тыйым салатын сигналына өтіп кеткен. Қазіргі таңда жүргізушіге жалпы мөлшері 3 млн 390 мың теңгені құрайтын айыппұл салынған.

Полиция енді материал жинап, шешім қабылдау үшін істі әкімшілік сотқа жіберетін болады.

Айта кету керек, жыл басынан бері "Мираж-Ураган" модернизацияланған жүйесінің көмегімен бұрын көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған 46 жүргізуші мен 113 мемлекеттік борышкер анықталып, 21 млн теңгеден астам қаражат өндірілген.

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер