Әскери қызметкер өзіне оқ атып, қайтыс болды

2921
Adyrna.kz Telegram

ШҚО-да 3477 әскери бөлімінің қызметкері өзіне оқ атып, қайтыс болды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

"29 мамырда 3477 әскери бөлімінің әскери қызметі қатардағы жауынгер Ілияс Мұратұлы Айдосов бекетте отырып, өзіне бекітілген қарудан басына оқ атқан. Нәтижесінде ол қайтыс болды", - деп жазды ведомство.

Оқиғаның себептері мен мән-жайлары анықталып жатыр.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер