Қашықтықтан оқудың жағымсыз тұстары бар ма?

2296
Adyrna.kz Telegram
фото ашық ақпарат көзінен алынды
фото ашық ақпарат көзінен алынды

Қашықтықтан оқытудың тиімсіз тұсы көп екенін жақсы білеміз. Әсіресе, бұл жағдай  ақылы оқитын студенттердің үлкен мәселесі болмақ, себебі төлеп жатқан ақшаға олар қанағаттанарлық білім алып, студенттік өмірді сүріп жатқан жоқ. Иә,  қашықтықтан оқып та білі алуға болады деп ойлайтын шығарсыздар. Бұл қате пікір, “Шымшық сойса да, қасапшы сойсын” деген сөз бар. Демек біз білімді барлық стандартқа сай, оқып жатқан жерімізден, ұстаздарымызды көріп, барша суденттердің алдында ортаға шығып, сол аураны сезініп, дәрісті тыңдап, еркіндікті сезініп, өзімізді көрсетуіміз керек. Күніне 7 сабақ болса, 7-сағат телефонға телміріп, апай мені көріп тұрған жоқ екен деген оймен, айтқанды құлаққа ілмей, жасырынып жүре бергеніміз де ақылға қонымсыз әрекет. Қашықтықтан оқу арқылы студенттердің арасындағы бәсекелестік, жарыс, ұмтылыс сынды дүниелер жоғалып, оның орнына жалқаулық, бірізділік, яғни дайын дүниені интернеттен оқып беру яки  оқытушының дәрісін қайталап айту сияқты  жаман қасиеттер мен әдеттер қалыптаса бастайды.

Байланысқа шығу үшін, қашықтықтан оқу үшін ауадай қажет желі(сеть) жағымыз ақсап тұр, одан кейін жақсы қосымша(приложения) жоқ, бірімен сабаққа кіріп дәріс тыңдасаң, бірімен тапсырма жібересің, енді бірімен сол дәрісті айтасың, бас-басына бір-бір қосымшадан, соның барлығын бір қосымшаға ендіріп студенттерге  ұсына алмағандығы. Бұның бәрі студентке ғана емес, ертең ел болашағына да зияные тигізеді, өйткені бұл жағдайда білім алған диплом иесі жақсы маман болып, елімізді дамытуы екіталай.

Жалпы студенттік өмір - бұл адамның есінде қалатын өте жарқын шақтарының бірі, алайда 5-6 жылдан кейін біздің студенттік шағымыз... деп әңгіме бастағанда айтар қызық, тілге тиек етер сәт болмаса тіпті қиын.

Пікірлер