"Алаш Орда: ұлттық идея және дін мәселелері" конференциясына шақыру

4183
Adyrna.kz Telegram

2017 жылдың 22 қарашасы күні 10.00-де ҚР Ұлттық кітапханасында Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқарманың қолдауымен "Адырна" ұлттық-этнографиялық бірлестігі Елбасының "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" бағдарламасының аясында, "Алаш Орда" үкіметінің құрылғанына 100 жыл толуына орай "Алаш Орда: ұлттық идея және дін мәселелері" атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырады.
Конференцияның мақсаты – Шоқан Уәлиханов, Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтер бастап, Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов, Ахмет Байтұрсынұлы тәрізді Алаш қайраткерлерінің ұлттық идея және дін мәселелері жайындағы ой-толғамдарын ортаға салу.

Алаштықтар ұлттық идея, ұлттық құндылықтар арқылы қазақты оятып, ұлттық мемлекет құру мәселесін қойды, әлемдік өркениетке кірігудің жолдары мен шарттарын қарастырды. Олар жастардың тарихы мен тамырын терең біліп, сапалы білім алып, кәсіп игеріп, бай-бақуатты болуын аңсады. Сол өзекті мәселелер арада бір ғасыр уақыт өтсе де сол қалпында маңызды болып қалып отыр. Хангелді Әбжанов, Талас Омарбеков, Светлана Смағұлова, Болатбек Нәсенов, Еркін Ермұханов, Шәмек Тілеубаев және т.б тарихшылар осы және өзге де маңызды тақырыптар аясында сөз қозғайды.
Конференцияның негізгі мәселелері мен бағыттары:
- Алаш идеясының мәні және қалыптасу кезеңі;
- Алашордалықтардың ұлттық идея және дін мәселесіндегі ұстанымдары;
- Алаш идеяларының бүгінгі күнмен тарихи сабақтастығы.
Өтетін орын: Алматы қаласы, ҚР Ұлттық кітапханасы, Абай даңғылы 14.
Өтетін күні: 22 қараша, 2017 жылы.

Басталуы: сағат 10:00.
Қосымша байланыс: +7 702 270 21 02,  +7 747 378 72 12
Электронды мекен-жай: adyrna@bk.ru


"Адырна" ұлттық-этнографиялық порталы

Пікірлер