Алматы облысында «Jar-jar» сауда орталығы ашылды

1517
Adyrna.kz Telegram

Бүгін аудан орталығында қаскелеңдіктер мен қала қонақтарына арналған тағы бір «Jar-jar» деп аталатын  сауда және тамақтану орталығы ашылды, деп хабарлайды karasayinfo.kz  желілік басылымы.

Орталықтың салтанатты рәсіміне қоғам қайраткері, меценат Болат Әбішұлы мен  аудан әкімінің міндетін атқарушы Айжан Нұрділдәқызы қатысып, оның лентасын қиды. Өз кезегінде аудан басшысының міндетін атқарушы  «Кәсіпкерлік нысан ел игілігіне қызмет етсін, алдағы уақытта қарасайлықтардың сүйікті орнына айналсын» деген ізгі  тілегін жеткізді.

Жалпы, 1200  шаршы метрді алып жатқан ғимараттың ішінде  сауда орталығы және шығыс бағытындағы шайхана бар. Игілікті бастаманы қолға алып, аталған нысанды ашып отырған Гүлмира Болатқызы осы кәсіптің арқасында 30-ға жуық адамды жұмыспен қамтып отырғанын да айта кеткен жөн. Бірінші қабатта орналасқан  сауда орталығынан тұрғындарға қажетті азық-түлік пен керек-жарақтың барлығы табылады, сонымен қатар, иіс сулар мен баларлар ойыншықтары да сатылады. Бағасы да қолжетімді. Супермаркет 24 сағат жұмыс істеуге шешім қабылдап, келушілердің қолайлығы үшін барлық жағдайды қарастырған.

Ал, Lounge bar-ға келер болсақ, оның ішкі дизайны заманауи стильде жабдықталыпты. Екінші қабаттағы шайхана болса, шығыс бағытына негізделген. Ежелгі сарайлар секілді  ерекше есіктермен, көне жәдігерлермен, ақ және қызыл залдармен, шығыс сәулетімен безендірілген. Кіреберістен-ақ, қаптарға салынған түрлі жаңғақтар мен кептірілген жемістер бірден көзге түседі. Мұны да жаңашылдыққа балауға болады. Даяшылардың киімдері әдетегі тамақтандыру орнынан әсте бөлек. Олардың шығыс халқының ұлттық киімдерін кигендері, келушілерді сол елде отырғандай әсерге бөлеп тұрғандай болады.  Мұнда келген қонақтар ең дәмді палау, тандырда піскен самса, түрлі лағмандар және тағыда басқа шығыс тағамдарына тапсырыс бере алады.

Қаскелеңнің солтүстік бөлігінде ашылған заманауи нысан алдағы уақытта ел игіліне қызмет етеді деген сенімдеміз.

 

Пікірлер