Мыңға жуық зейнеткерге шипажайға жоддама берілді

1872
Adyrna.kz Telegram

Биыл Шымкентте 6 000 зейнеткер шипажайларда тегін ем алуға жіберіледі. Бүгін оның мыңға жуығына жолдама берілді.

Санаторияға үшінші рет жолдама алған 73 жастағы зейнеткер Сапар Ағабеков жұбайымен бұл жолы Тараз қаласында орналасқан «Айша бибі» шипажайында 12 күн ем қабылдады.

«Айша бибі» кешеніне жеткенімізде шипажай қызметкерлері бізді жылы қарсы алды. 4 мезгіл тамақ берілді, мұнда ем қабылдаушыларға айрықша ықылас танытуға тырысып тұрады екен. Маған ұнағаны, саз балшықпен емдеу. Буын аурулары мен суық тигенге көп көмегін тигізді, - деді Сапар Ағабеков.

Айта кетейік, зейнеткерлерге жолдама құнына 50% жеңілдік жасалады. Азаматтар яғни, мемлекет тарапынан 6 күн тегін қызмет алып, ұнаған жағдайда қалған 6 күннің ақысын өз қалтасынан төлеп шипажайда қала алады.

Қазіргі таңда 80 жастан асқан қарттарға ай сайын 5 834 теңгеден әлеуметтік төлем төленеді. Одан өзге «үйде қызмет көрсету» көмегі қарастырылған.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Суставы болят не от старости! Найден злейший враг боли в суставах
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У кого болят колени и суставы - читайте пока не удалили!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Приматывал это к коленями 3 ночи подряд и суставы не болят уже…
Пікірлер