"Қазақ" сөзі қайдан шықты?

5429
Adyrna.kz Telegram
фото ашық ақпарат көзінен алынды
фото ашық ақпарат көзінен алынды

"Қазақ халқы" десе көз алдымызға ықылым заманындағы жауға шапқан батыр бабаларымыз, данагөй халқымыз, кең байтақ даламыз бірден еске түседі. Әлі күнге дейін, зерттеушілер 200 жыл уақыт бойы «қазақ» терминінің шығу төркінін оның сематикасын ашуға тырысуда. Дей тұрғанмен ашылмаған сыр, зерттелмеген деректер қаншама. Жалпы айтқанда қазақ ұлттының өмір салты, мәдениеті терең тарих қойнауында жатыр деседе болады.

Қазақ халқы жаратылысынан «даланың еркесі» болды. Жазық дала мен көшпелі өмір салты олардың болмысы. Сонымен қоса  діні, тілі, салт-санасы, мәдениеті тас бетіне қашалып жазылған өшпес өзіндік ізін қалдырды. Қазақ  даласында хандықтың құрылуы мен шарықтау кезеңі, Кіші жүздің Ресейге қосылуы, Орта жүзді жаулап алу, даладағы тойтарыс, Ұлы жүздің бағынуы және Орта Азияны жаулау сияқты сюжеттер негізінде Қазақ хандығының тарихы баяндалды.

Қазақ хандығының құрылу тарихы М.Олкоттың «Қазақтар» 1986 жылғы  кітабында жан-жақты жазылған. Олкотт жазба дереккөзде  қазақтың көшпелі мемлекетінің нақты қашан және қалай құрылғаны  туралы  барынша әділ пікір білдіреді. Осы уақытқа дейін де, кейін де барша әлемді толғандырған сұрақ: қазақ сөзінің қайдан шыққаны туралы болып отыр?! Тарих беттерінде «Қазақ» сөзінің  этнонимі туралы көптеген болжамдар бар. Соның ішінде кавказ болжамы, маңғол, енесай, қарлық, тіпті парсы, сақ болжамдары кездеседі. Кавказ болжамында кейбір ғалымдар Византия императоры Константин Багрянородныйдың X ғасырдың орта шеніндегі, Кавказдың солтүстік батысында жатқан “Казахия елі”туралы  айтқан мәліметтерін келтіреді. Н.М Карамзин, А.Вамбери т.б ғалымдар осының негізінде Қазақ халқы X ғасырдан бастап белгілі болған деген тұжырым жасайды. Бірақ түпнұсқада грекше “з” әрпі емес, “с” әрпімен берілген деректерде, ел атауы касахия деп оқылуға тиіс деп қайырады. В.Минорский Константин Багрянородный хабарын түсіндіре келе, Касахия деп касогтарды айтқан. Неміс шығыстанушысы И. Маркварт бұл екі сөз бір ғана этнос — касогтардың атауынан деп түсіндірсе, осы тұста «Казахия» және «Қазақ» елінің атауын ұқсастыру тарихшылардың  атап айтқанда, мұсылмандар дүниесінің жазбаша деректемелерінен алынған материалдарды  тарту мүмкіндігі орасан зор қолжетімділікке ие болды.

 Моңғол болжамы. Моңғол халқы  қазірде қазақтарды Хасаг деп атайды. Фин алтайшысы Г. И. Рамстедт және А. А. Семёнов қазақ терминін «Қасиетті жылнамада»  XIII ғасырда “хасаг-терген” арба ұғымы бар сөз тіркесінен шығарады. Хасаг-терген монғол сөзін сөзбе-сөз аударғанда, Хасаг-қазақ атауы, терг-арба, қазақ-арба деген мағынаны білдіреді. Ал  Енесай болжамының деректері былай сөйлейді. Әйгілі түркітанушы В. В. Радлов Енесай өзенінің төңірегіндегі көнетүркі мұраларынан көнетүркіше: «Қазғақым оғлым — «менің асырап алған ұлдарым» деген тіркесті тапқан. Қазғақ және қазақ сөздерінің дыбыс және мағына ұқстастықтарына сүйене отырып, В. П. Юдин "ғ" дыбысы соңына түсіп қалып, қазақ терминіне айналды деп болжам шығарған. Бұл көзқарас түркі тілдерінің тарихи фонетикалық заңдылықтарымен үйлеспейтідіктен, мамандар тарапынан қолдау табылмады.

Тарихта аты белгілі, археологиялық қазба деректермен де дәлелденген, ата жұртымызда өмір сүрді деген алғашқы тайпалардың бірі – Сақтар. «Қазақ» сөзінің шығуы туралы ғалымдар мен зерттеушілердің пікірлерін тұжырымдап, мынандай қорытынды жасауға болады: – «Қазақ» сөзі «қас» және «сақ» атауларының бірігуінен шыққан” Ежелгі “сақ” тайпасының атауы заманға сай құбылып өздері мекендеитін жердегі көлдіңде атауыда сақ касби атанып,бұл ұлтыңда аты “Қазақ” сөзі қалптасқан «қас» және «сақ».«Қазақ» сөзі «ерікті адам» деген мағынаны білдірген. Тағы бір ерекше ұқсас мағынасы “Қазақ” сөзі “еркін ел”, “еркін адамдар”- деген мағана береді. Дәл осы пікірге ұқсас, Абай мен замандас болған философ Шәкерім Құдайбердіұлы қазақтар жайлі былай дейді: «қазақ» сөзінің мағынасы өз алдына ел болып, еркін жүрген халық деп жазыпты. Қортындылай келе, қазақтың ата-баба  қанына біткен батылдығын, қырандай қырағы самғайтын еркіндін, ұлы тұлғаларымыздың өсиетін бойымыздан жоғалтпауымыз қажет. Сонда ғана біз ұлт көшбасшысы  Н.Ә. Назарбаев айтқандай «Мәңгілік ел» боларымыз хақ!

Батес Маликқызы

Пікірлер