«Қазақ» газетінің рухы сіңген «Ана тілінің» 35 жылдығы – Тәуелсіздік тарихы

1656
Adyrna.kz Telegram

«Ana tili» газетінің 35 жылдық мерекелік рәсімінде басылымның кешегісі мен бүгінгісіне шолу жасалды. Газет – Тәуелсіздік қарсаңында қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесін алғаннан кейін шыққан басылым. Жиналғандар ел қоғамындағы тіл мәселесі әлі де оңды шешілмей отырғанын да айтты.  

22 мамырда Алматыдағы Ұлттық кітапханада «Ana tili» газетінің 35 жылдық мерейтойы рәсімі өтті. «Ana tili» апталығының алғашқы саны 1990 жылы 22 наурызда, Ұлыстың ұлы күнінде жарық көрген болатын. Бұл ұлттық құндылықтар жаңғырып, «ақтаңдақтар» ақталып, болашаққа үміт дарытқан күн еді.   

КӨРМЕЛЕР МЕН ТҰСАУКЕСЕРЛЕР

Айтулы рәсім «Ана тілі» архиві, басылымның тарихынан сыр шертетін құнды суреттер көрмесі, Ұлттық баспасөздің алтын қоры – қазақ журналистикасының шежіресінен көрме және «Ana tili» газетінің фото-тілшісі Азамат Құсайыновтың жеке шығармашылығына арналған «Ұлттық рух және бір сәт» көрмесімен ашылды. Алдыңғы екі көрмеге қазақ фотографиясының ардагерлері Нұрғожа Жұбанов, Берсінбек Сәрсенов, Шүкір Шахай және басқа фотоөнер саласы мамандарының тарихи суретері қойылды. Онда тек газеттің тарихы ғана емес, тәуесліздік жарияланар қарсаңдағы дүмпулі оқиғалар бейнесімен де танысуға болады.

Аталған рәсім кезінде ұлттық басылымының алғашқы сандары бұрынғы бас редакторлары Жарылқап Бейсенбайұлы, Мереке Құлкенов, Мақсат Тәж-Мұрат және Қали Сәрсенбайға салтанатты түрде табысталды. Жиналғандар бұдан осыдан кейін «Ana tili. Алтын қор» кітабының тұсаукесеріне куә болды. Бұл жинаққа газетте 1997 жылға дейін газетте жарияланған таңдамалы мақалалар топтастырылған.

ҚҰТТЫҚТАУЛАР МЕН ЕСТЕЛІКТЕР

Жиын «Қазақ газеттері» ЖШС Бас директоры, академик Дихан Қамзабекұлының модераторлығымен  “Егемендік пен елдіктің еңселі мінбері” атты дөңгелек үстелдің басында жалғасты. Баяндамалар алдында белгілі әнші, композитор Әбиірбек Тінәлиев әйгілі «Анамның тілі» әнін шырқап, дөңгелек үстел шымылдығып ашып берді.

Алғаш болып сөз берілген «Ана тілі» газетінің алғашқы редакторы Жарылқап Бейсенбайұлы тәуелсіздік қарсаңындағы елең-алаң оқиғалар мен тіл мәртебесі және осы бағыттағы газеттің алар орнына тоқталып өтті. Ол газеттің ашылуына ұйытқы болған сол кездегі Қазақ ССР компартиясының идеология бойынша хатшысы Өзбекәлі Жәнібеков екені айтып өтті. 

Рәсімнің бұл бөлігінде газетінің қоғамда алар орны мен маңызы аталып, ерекше естеліктер мен тілектер де айтылды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Ana tili», «Ұлан», «Мысль» және «Ақжелкен» басылымдарының мерейтойларына орай жолдаған арнайы құттықтау хатын Президент кеңесшісі Бауыржан Омарұлы оқып, ел басшысының тілегін жеткізді. Бауыржан Омарұлы өзі де құрамына «Ana tili»  газеті кіретін«Қазақ газеттері» ЖШС Бас директоры қызметін атқарған. Ол сол күндерді жылы естеліктерімен еске алып, газеттің ел тарихы мен қоғамында алар орны мен мәртебесіне тоқталды. Өзі «жеті жылға бергісіз жеті ай» деп атаған кезде Бауыржан Омарұлы «Біз қызметкерлерімізге толық еркіндік бердік. Толық болғанда да тіпті есепсіз еркіндік. Қазір соған өзіміз де таң қаламыз. «Қазақ газеттеріндегі» жеті жылға айырбастамайтын жеті айымыз шынында да жемісті болды»,-деді.

Ол газеттің тұңғыш редакторы болған Жарылқап Бейсенбайұлын «Ұлт ұғымын ұлғайтқан ардақты адам. Бірде-бір тілшісін дауға да, жауға да бермеген, ешқайсысына зекірмек түгілі дауыс көтеріп көрмеген абзал аға. Алғашқы жылдардағы «Ана тіліне» «Қазақ» газетінің рухын дарытқан алымды ақпаратшы», - деп атады. 

Бұдан бөлек жиында газеттің әр жылдарғы бас редакторлығы қызметін атқарған белгілі қаламгерлер Мереке Құлкенов, Қали Сәрсенбай және Мақсат Тәж-Мұрат «Ana tili» басылымында өткен күндерін ықыласпен еске алды және газеттің қазіргі ұжымын құттықтап, сый-сияпаттарын табыстады. Ресми орындардан Алматы қаласы әкімдігі де газетті арнайы құттықтап, марапаттарын жеткізді.

Бұған қоса белгілі ғалымдар, қаламгерлер сөйлеп, газеттің қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесін алғаннан кейін жарық көргенін, алайда Қазақстан қоғамында содан бері әлі де тіл мәселесі оңды шешілмей келе жатқанын да ескертті.

Мерекелік рәсім аясында «Нұрлы жұлдыз – бабам тілі» поэзия байқауы мен «Менің өмірімдегі Ana tili» атты эссе байқауының жеңімпаздары марапатталып,  концерттік бағдарламаға ұласты.

ШАҒЫН ШЕЖІРЕ

«Ana tili» газетінің алғашқы саны 1990 жылы, Ұлыстың ұлы күні наурыздың 22-сінде жарық көрді. Елдегі тіл тақырыбында шығатын ресми жалғыз басылым. Газеттің 90-жылдардағы таралымы 100 мыңнан асатын. Бүгінгі таңда газеттің 26 мыңдай жазылып оқитын оқырманы бар.

«Ana tili» газеті 2005 жылы Қазақстан Журналистика Академиясының «Алтын жұлдыз» сыйлығымен, бірнеше мәрте Ақпарат министрлігінің Құрмет грамотасымен, арнаулы дипломдарымен, әртүрлі бәйгелердің бас жүлделерімен марапатталды. 

1990-97 жылдар аралығында басылымның бас редакторы Жарылқап Бейсенбайұлы болса, 1997-2006 жылдарда белгілі жазушы, Президент сыйлығының иегері Мереке Құлкенов, 2006 жылдың тамызынан желтоқсан айына дейін ҚР Президенті сыйлығының иегері, саяси ғылымдар кандидаты Жұмабек Кенжалин, 2006 жылдың қараша айынан 2009 жылдың наурызына дейін филология ғылымдарының кандидаты Мақсат Тәж-Мұрат, 2009 жылдың наурызынан 2018 жылдың шілдесіне дейін жазушы-журналист, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері Самат Ибраим басқарды. 2018 жылдың шілдесінен  2021 жылдың қаңтарына дейін ақын-журналист Жанарбек Әшімжан басқарды. 2021 жылдың қаңтарынан  2023 жылдың қаңтарына дейін журналист-жазушы Қали Сәрсенбай басқарды. 2023 жылдың қаңтарынан қазірге дейін «Ana tili» газетін Мемлекеттік «Дарын» Жастар сыйлығының лауреаты Ерлан Жүніс басқарып келеді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Пікірлер