Электромобильдердің қуатын екі есе арттыратын ғажап батарея

1645
Adyrna.kz Telegram
фото ашық ақпарат көзінен алынды
фото ашық ақпарат көзінен алынды

Америкалық QuantumScape компаниясы ойлап тапқан 2021 жылғы жаңа технология - литий-металл батареясы электромобильдерді қуаттауға арналған құрылғы. Ерекше сепаратор мен анодтың арқасында батарея қуат қорымен, жылдам қуаттауымен, қызмет ету мерзімімен, құны және қауіпсіздігімен ерекшеленеді.

Мамандардың айтуынша, мұндай батареялар қуат қорын 560-тан 1000 шақырымға дейін арттырады. Әрі электромобильдерді жылдам қуаттауға мүмкіндік береді. Мәселен,  осындай батареямен көлікті 15 минутта 80% қуаттауға болады. Ал қуат қоры екі есе артады. Сонымен бірге 800-ден артық циклден кейін өзінің  80% дай сыйымдылығының сақтайды. Бұл орташа есеппен 386,000 км  жүріске тең (шамамен 14-16 жыл автомобильді қалыпты пайдалану).

Батареяның тағы бір жетістігі - оның жеке анодсыз шығарылуында. Ол қуатталған кезде катодтағы литий иондары сепаратор арқылы қозғалады. Олардың арасында және электрлі байланыста тегіс қабат жасайды. Осыдан кейін қуатталу барысында шамамен барлық иондар катодқа оралады. Мұндай құрылыс батареяның массасын, көлемін, құнын төмендетеді.

QuantumScape компаниясы 2020 жылы батареяны алғашқы сынақтардан өткізді. Сәтті сынақтардан кейін неміс автомобиль маркасы - Volkswagen-мен мәмілеге келді. Келісімге сәйкес аталған марка 2025 жылы литий-металл батареялары бар электромобильдер шығара бастайды.

 

Нағима Сахан

 

 

 

 

 

Пікірлер