Торнадо соғып, бір ауыл түгелдей қирап қалды

2130
Adyrna.kz Telegram

Чехияның солтүстік-батысындағы ауылға торнадо соғып, елді мекеннің тас-талқанын шығарған деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Елді мекенде ешкім зардап шекпеген. Ал материалдық шығын ондаған миллион еуроға бағаланып отыр.

Бұған дейін Чехияның оңтүстік-шығысында орналасқан Оңтүстік Моравияға соққан алғашқы торнадо бірнеше елді мекендегі үйлерді қиратқан болатын. Одан 300-ге жуық адам зардап шегіп, 5 тұрғын көз жұмған. Ал жұма күні болған торнадо түгел ауылды қиратқан.

Синоптиктердің мәліметінше, мұнда торнадо күші 5 балдық деңгейдің 3 немесе 4-деңгейіне жеткен. Оның арты теннис добының көлеміндей бұршаққа ұласқан.

Қазір Чехияда  зардап шеккен ауылдарға гуманитарлық көмек жөнелтілуде.

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер