Қазақстан қызыл аймаққа кірді

2204
Adyrna.kz Telegram

Бүгін Қазақстанда коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық ахуал күрт нашарлады. Бір тәулікте 1672 адамнан ПТР тест арқылы ауру расталған деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Сонымен, бүгінгі, яғни, 27 маусымдағы жағдай бойынша Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары  — қызыл аймақта болса, Шымкент қаласы, Қостанай және Маңғыстау облыстары сары аймақтар қатарында тұр.

Ал жасыл аймаққа Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Қызылорда, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары енген.

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 418114-ке жеткен.

"Адырна" ұлттық порталы.

 

Пікірлер