Феминизм — әйел адамдар үшін жалғыз дәме

4244
Adyrna.kz Telegram

Феминизм халық үшін, әсіресе ер адамдарға дүмді болып естілетін сөз екенін баршамызға мәлім. Дегенмен, асығыс қорытынды жасаудың қажеті жоқ.Мен түсініксіз нәрселердің барлығын ретке келтіруге ұсынамын.

Феминизм деген не? Феминизм—әйелдердің әйелдер құқығы үшін қозғалысы. Неліктен әйелдер феминизмнің жолына түсуде? Себебі біз- әйелміз. Кез келген елде гендерлік белгі бойынша біз белгілі бір дәрежеде дискриминацияға ұшыраймыз. Қазақстанда әйел адамдар дискриминациясы айқын байқалады: үйдегі,сексуалдық зорлық-зомбылық, қалыңдық ұрлау, тиісу, мектепте сексуалдық тәрбиенің берілмеуі,
отбасы ішіндегі уй шаруасының бөлінбеуі. Бұған дәлел, жыл сайын Қазақстанда шамамен 500-ге жуық әйел күйеуінің қолынан қаза табады. БҰҰ мәлімдемесі бойынша Қазақстандағы 18-78 жас аралығындағы әйелдердің 17 % физикалық, 21% психологиялық зомбылық көреді.Кез келген жұмыста әйелдерге 18% аз жалақы төленеді.Біздің әйелдер біртіндеп, мұны ұғына бастады. Тек феминизм қозғалысы ғана әйел адамдардың құқығын қорғай алады.

Тағы да айта кететін нәрсе, бұл ерлерге деген өшпенділікті насихаттау деген феминизмнің мүлдем дәлдірлік стереотипінің бірі. Феминизм- бұл тек әйелдердің қозғалысы.Адам баласы әділеттілікке лайық.Жыныстық теңбе-теңдік бұл әділдіктің ең жоғары нүктесі емес пе?
Әйел адамдардың ер адамдардан ешкандай айырмашылығы жоқ. Айтып кетсек, екі жыныстың физикалық көрсеткіштері арасындағы айырмашылықта гендерлік әлеуметтену үлкен рөл атқарады. Егер ер баланы кіші кезінен бастап нәзіктікке баулып, ауыр жүк тасымауға үйретсе, олар жұқа әрі мейірімді жан болатын еді. Сондай-ақ, ғалымдар алғашқы аңшылар ерлер емес, әйелдер екенін дәлелдеді. Біз патриархалды қоғамда өмір сүргендіктен,академиктер аңшылық ісінің басты мүшесі ретінде ер адамдарды жоғары қоюға жөн көрді.

Басқалардан үлгі алу бұл-жақсы әдет екенін бәрімізге белгілі. Сондықтан Швеция әлемдегі тең құқықтық елдердің қатарына жататындықтан, олардың жыныстық теңдікке байланысты өзіндік ережелерімен танысуға шақырамын. Дәстүр бойынша көптеген мамандықтар "ерлер" және "әйелдер"болып бөлінеді. Ал әйелдер орташа есеппен еркектерге қарағанда аз ақша табады. Швецияда директорлар кеңесінің құрамындағы әйелдер саны Еуропаға қарағанда 9% - ға көп. Бізде декрет тек әйелдерге арналған. Бірақ Швецияда әйелдермен қоса ерлерде декреттік демалысты алады, себебі әкелер балаларымен бірге отырады.Зорлық-зомбылықты азайту бағдарламасы Швецияның барлық тұрғындарына таратылады. Балаларға зорлық-зомбылық туралы мектепте үйретеді, полиция мүшелеріне мұндай жағдайларды қалай қарау және болашақта қалай алдын-алу туралы түсіндіріледі. Біз үкіметте тек ер адамдар жұмыс істейтіне дағдыланғанбыз, бірақ Швецияда 24 министрдің ішінде 12 әйел бар. Оның ішінде сыртқы істер министрлігінің төреғасы Марго Вильстрем бар. Ол халықаралық көмекті әйелдер де, ерлер де біркелкі алғанына көз жеткізеді. Әрине, Швеция әлі толық теңдіктен алыс, бірақ бұл феминизмді өзінің мемлекеттік идеясына айналдырған алғашқы ел.

Өкінішті орай, ұлдарға қыздарды құрметтеу мәдениеті дұрыс үйретілмейді. Қыздарды бастапқыда кішіпейілділікке тәрбиелейді: кеуденді, тізенді ашпа, сен өзін өзгені араңдатасын. Сондықтан әйел адамдар жие алымсақтықтың құрбандары болып шығады.Ер адамдар тума түйсіктерін сылтау ретінде пайдаланып, кінәні әйел адамның мойнына жүктейді. Біріншіден, әйел адам киіну мәдениетін өзі шешеді, себебі біз демократиялық елде өмір сүріп жатырмыз. Екіншіден, адам баласында тума түйсіктер болмайды. Үшіншіден, психологиялық тұрғыдан сау адам өзін ұстаумен қатар, басқара алады.

Қорытындылай келсек, аналар ұлдарына қыздарды құрметтеуге және бәріміз тең екенімізді түсінуге үйрету керек. “Феминизм-бұл әйел адам баласы екенін білдіретін радикалды пікір.”—, деп тілші Мэри Шир айтып кеткен. Отбасылық өмірдің, қоғамның тыныштығы үшін үлкен теңдік қалыптасу қажет. Феминизм— бұл прогреске апаратын жолдың басы. Феминизм— әйел үміті.

Айдаралиева Милана,

№ 44 мектеп-гимназиясының

11 "А" сынып оқушысы

 

Пікірлер