"Алатау" дәстүрлі өнер театрында Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен, күйші Сәбира Бибатырованың «Төремұрат» атты жеке шығармашылық күй кеші өтеді.
Сәбира Бибатырованың «Toremurat» атты бұл кеші Елбасының "Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында ұйымдастырылып, Республикаға танымал белгілі шебер Мырзағалиев Бисенғалидың 90 жылдығына арналады. Бұл кеш алдағы уақытта Қазақстанның өзге қалаларында да жалғасын табатын болады.
Сәбира Бибатырова – 1996 жылдан бастап жиырма жылға жуық республикалық конкурстарда үздіксіз жеңімпаз атанып келген музыкант, Дина Нұрпейісова атындағы (2001), Қали Жантілеуов атындағы (2002), Махамбет атындағы (2003), «Асыл мұра» атты (2004), Мұрат Өскенбаев атындағы (2006) т.б. республикалық конкурстардың бас жүлдегері, дауылпаз күйші Қаршыға Ахмедьяровтың класында тәлім алған домбырашы.
Кеш қонақтары: ҚР халық артисі, күйші – Айгүл Үлкенбаева, Республикалық конкурстардың лауреаттары: Санжар Мұрат, Тоғжан Дүйсенбекқызы, қылқобызшы Шыңғыс Үсенұлы.
Мекен-жайы: Алматы қ., «Алғабас – 1» ықшам ауданы, 6 үй
Байланыс тел.: 8 (727) 224-89-77, 8701-645-91-86