«Сотта жеңдік»: Спорт колледжінің оқушылары мен бапкері әділдік іздейді

2598
Adyrna.kz Telegram

2019 жылы ҚР Мәдениет және спорт минстрлігіне қарасты Алматы қаласында орналасқан Республикалық спорт колледжінің басшысы Тшанов Амалбек Қозыбақұлы өзі басқаратын колледждің 9 оқушысын «ішкі тәртіпті бұзды» деген айыппен оқудан шығарған болатын. Колледж басшылығы мен ата-аналар арасында түсінбестік пайда болып, іс сотқа дейін жетті. Сот 2020 жылы басталып, осыдан бір жарым ай бұрын аяқталды. Ата-аналар тарапы жеңді деген хабар шықты. Осы тұрғыда «Адырна» ұлттық порталының тілшісі балалардың кінәсіздігін дәлелдеу үшін атсалысқан оқушылардың таеквондодан бапкері Тлеумуратов Тулеген мырзаның пікірін білген болатын.

«9 бала заңсыз оқудан шықты. Еның екеуі диплом алатын сәттерінде оқудан шығып, қайта кіре алмады. Олар материалдық жағдайларына байланысты істі сотқа бере алмай жатыр. Кейбір оқушылар спортты қойып кетті. Ал 4 ата-ана екі жылдың көлемінде соттасып, жеңіске жетті. Әділдік орнап, балалар оқуға орналасты. Амалбек мырза балаларды заңсыз оқудан шығарып, сыныптап-сыныпқа қалдырды. Басшылықты заңсыз іс-әрекеттері үшін тағы да сотқа беретін ойымыз бар. Ал өзім әлі жұмысқа орналаспадым», - дейді бапкер.

Сонымен қатар ол балалардың оқудан шыққанының негізгі себебін де айтып түсіндерді.

«Оқудан шыққанының негізгі себебі – мені қолдағандарында болды. Басшылық мені жұмыстан шеттеткенде, «ағайды қайта жұмысқа қабылдамасаңыздар, бұл жерде оқымаймыз» деп балалар 2-3 жаттығуға қатыспай қойған. Сол себепті ішкі тәртіпті бұзды деп айыпталды», - дейді ол.

Одан бөлек бапкер дайындаған балаларын әлем чемпионатына өзі апарғысы келетінін айтып өтті.

«Дайын балаларымды тартып алғандықтан шырылдап жүрмін. Еткен еңбегім ақталмайды. Дайын балаларды олар өздерінің аттарына жазып алып, жарыстарға апарып жүреді. Мені жеке бапкер ретінде мойындамады. Әлем чемпионатына өз балаларымды өзім алып барғым келеді. Барлық бапкердің арманы - осы. Бір облыстың өзі қола медаль ала алмай жатады, біз біршама алтын алып келетінімізге сенеміз. Көреалмаушылық пен қызғаныштың соңы осылай болды», - дейді Тлеумуратов.

«Алдағы жоспар қандай?» деген сұраққа ол былай деп жауап берді:

- Қазіргі уақытта диплом ала алмай қалған екі балаға адвокат іздеп жатырмыз. Балаларға обал. Біршама жыл оқып, диплом алатын кезде оқудан шығып қалуы ақылға қонымсыз нәрсе. Балаларды оқу үлгерімі нашар деп және ішкі тәртіпті бұзды деп қудалаған. Балалардың ешқандай кінәсі жоқ. Бәрін әділдік үшін істедік.

Ата-аналар «жұмысқа кайта бар, балалардың қасында бол» деп жатыр. Алдағы уақытта соттың шешімі бойынша минисрлікке хат жазсақ деп отырмыз. Балалар өз қолымда, дайындық жүргізіп, жарыстарға қатысып жатырмыз. Алдағы уақытта сол жерге жұмысқа барамын деп жоспарлап отырмын.

Сонымен қатар балалардың бапкері ешкімге жала жаппайтындықтарын, соттың шешіміне ғана жүгінетіндіктерін айтты.

«Ешкімге жала жаппаймыз. Соттың шешімі заңды күшіне енді. Балалар өз қатарларынан бір жылға қалып кетті. Жаңа оқу жылында өзінен жасы кішкентай оқушылармен оқитын болады. Десе де қаншама жыл күрескен іс нәтижесін берді», - деді ол.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер