Министр жауап берді: Қазақстанда балаларды міндетті вакциналау енгізіле ме?

452

ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой балаларды коронавирусқа қарсы вакциналау туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Sputnik Қазақстан сайтына сілтеме жасап.

«Әрине, бұл тек ерікті түрде, ата-аналардың келісімімен ғана жасалады. Біз тек баласына екпе салуға мүмкіндік береміз», - деді Алексей Цой.

Оның айтуынша,министрлікке балаларды вирустан қорғау үшін вакцина табу туралы көптеген өтініш келіп түсіп жатыр.

«Өкінішке қарай,  қазір тек ересек адамдар ғана вакцина салдыра алады, балаларға көмектесуге мүмкіндігіміз жоқ. Қазіргі уақытта 12 жастан бастап Pfizer вакцинасын салдыруға кеңес берілуде. Азаматтар бұл мәселені өздері шешеді, бірақ біз вакциналауға шақырамыз, өйткені ол көмектеседі. Өкінішке қарай, жаңа штаммен балалар да ауырады», - деді министр.

Сонымен қатар министр қазақстандық QazVac вакцинасын балаларға салып сынақтан өткізуге қатысты сұраққа жауап берді.

«Біздің заңнамада екпені балаларға салып сынақтан өткізуге тыйым салынған. Сондықтан QazVac бойынша мұндай зерттеу жүргізіліп жатқан жоқ», - деді Цой.

19 шілдеде өткен кеңесте мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев QazVac вакцинасын Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында тіркеуді жеделдетуді тапсырған еді.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар