Сарқан ауданында сексеннен асқан қос апамыз өз дауысын берді

1888
Adyrna.kz Telegram

Сарқан ауданы Екіаша ауылында 80-нен асқан Нұршат пен Ханшайым әжеміз сайлаудан тысқары қалмай өз даусын берді деп, хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі.

Тоқсанды алқымдаған қос әжеміз ақ бастасын беріп, сайлаудың келешегіміз үшін маңызды екендігін айтып өтті.

«Бүгінгі сайлау біздер үшін маңызыды. Ауылымыздың әкімін бір ауыздан сайлап, аулыдың кемел келешегін жаңа басшыға сеніп тапсырмақпыз. Сондықтан да сайлаудан тысқары қалмай өз дауысымды беруге келдім. Әр тұрғын өткізіліп жатқан сайлаудың маңыздылығын түсініп, таңдауды дұрыс жасайды деген сенімдемін». - деді қарт анамыз.

Естеріңізге саламыз, Алматы облысында 235 кандидат саяси бәсекеде бақ сынауда. Алдын ала жоспар бойынша 220 мыңнан астам тұрғын сайлауға қатысуы тиіс. Соның ішінде, Ақсу ауданының 3 округі бойынша 3 мыңға жуық сайлаушылар өз даусын бермек.
Дәл қазіргі сәтте, орталық сайлау комиссиясының берген ақпарына сәйкес, 25 шілде, сағат 10:00-де халықтың 17% -ы, яғни 38783 адам өз таңдауын жасаған.

Пікірлер