Президент: Сақалы беліне түскен адамдар бізге жарамайды

2235
Adyrna.kz Telegram

Отандық БАҚ өкілдеріне сұқбат берген елбасы дін саласындағы проблемаларды еңсеру үшін қандай шаруалар атқарылып жатқанына тоқталды деп хабарлайды сілтеме жасаған

"Қазіргі заманда діни ахуал ылғи көз алдымызда болуы керек. Қазір Сирияда, өз ішімізде не болып жатқанын көріп отырсыздар. Біз қазақстандықтар зиялы қауымбыз. Дін мәселесі мемлекеттен бөлек тұрады. Дегенмен оны басқармай болмайды. Сондықтан жағдайды егжейлі-тегжейлі біліп отыру үшін арнайы министрлік құрылды. Қара киім киіп, тұмшаланып жүру қазақтарда еш уақыт болған емес. Әйелдердің барлығын бетін жауып, әйелдер екінші сортты адамдар деген ел емеспіз. Оны да қарау керек. Сақалы беліне түскен адамдар да бізге жарамайды. Өзіміздің ата-бабадан қалған жолымыз бар. Сол жолмен жүруіміз керек", — дейді президент.                                                                                                           Назарбаев барлық мұсылман елінде діннің жұмысы мемлекеттің қадағалауында екенін атап өтті.

"Ол Түркияда да, Сауд Арабиясында да, мұсылманбыз деген барлық араб елінде бар. Біз де қадағалап отыруымыз керек. Ешкімге шектеу жоқ. Қазақстанда 3000-ға жақын мешіт ашылды. Кім қай дінді ұстанғысы келсе, ерік өзінде. Дегенмен елімізде бүлік салмауы керек. Басқа ағымға дінді бұрып әкетіп, бүлік шығаратын террористер шықпауы керек ішімізден", — дейді мемлекет басшысы.


 Sputnik Қазақстанға

Пікірлер