Халық санағы – 2021: бүгін елімізде жалпыұлттық халық санағы басталды

3666
Adyrna.kz Telegram

Бүгін 2021 жылдың 1 қыркүйегінде Қазақстанда жалпыұлттық халық санағы басталды. Тәуелсіздік алған сәттен бастап елімізде халық санағы үшінші рет өтпек, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

«Шара алғаш рет цифрлық технологияларды қолдану арқылы өтпек. 1 қыркүйектен 15 қазанға дейінгі аралықта sanaq.gov.kz сайтында онлайн режимде халық санағынан өтуге болады. Сайт 24 сағат бойы қол жетімді», – деп хабарлады Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкелов.

Ұлттық статистика бюросының баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, онлайн режимде санақтан өтпеген азаматтарды қамту үшін 1-30 қазан аралығында қажетті санитарлық нормаларды сақтай отырып интервьюерлердің сауалдарына жауап беру мүмкіндігі болады.

Интервьюерлердің электрондық планшеттерді пайдалануы дәстүрлі кезеңнің басты жаңалығы болмақ. Орташа есеппен санақ сауалдарына жауап беруге 20-25 минут қажет. Азаматтардың белсенділігі мен шынайы жауаптары халық туралы сапалы деректерді алуға негіз болады.

Айта кетейік,  елімізде жалпыұлттық халық санағы 2021 жылдың 1 қыркүйегі мен 30 қазаны аралығында  өтеді. Санақ «Қазақстанда әркім маңызды! В Казахстане каждый важен!» ұраны аясында ұйымдастырылады.  

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер