Панджшерде Масудтың жасақтары тәліптерді тағы да қырып тастады

6087
Adyrna.kz Telegram

Бүгін Панджшерде Тәліптер мен Масудтың жасақтары арасында атыс болды. Талибан радикалды қозғалысының жасақтары  Масудтың жасақтарына қоршаулы таулы бекеттерден ойлмаған жерден тап берген. Бірақ Масудтың жасақтары да айтарлықтай қарсылық көрсетіп, тәліптердің бетін қайтарып тастады. Бұл жайында TOLO News ақпараттық агенттігі хабарлады.

Дәл қазіргі ақпараттар бойынша да Масуд жасақтары мен тәліптердің арасында қақтығыс қызып жатыр. Майданның ошағы Панджшердің таумен қоршалған аудандарында өтіп жатыр.

ТАСС-тың ақпараттарына қарағанда, тәліптер Масудтың жасақатарына әскерлер орналасқан аймақтың батыс тұсынан тап берген. Ал, тәліптердің қатарынан құрбан болғандардың саны анағұрлым көп деп хабарлады. Панджшер қазір тәліптердің толық  ала алмай отырған ең маңзды провинциясы болып отыр.

Сондықтан қазір тәліптердің тарапынан Панджшерге бақылау барынша күшейген. Қазір Масудтың жасақтарының ең басты негізгі күштерін Панджшерде Ауғанстанның вице-президенті Амрулла Салех басқарып отыр.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер