«Вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді»: Бас санитардың жаңа қаулысы шықты

5373
Adyrna.kz Telegram

ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 2 қыркүйектегі №38 Қаулысы шықты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Облыстардың, Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларының әкімдері, «Атамекен» ҰКП (келісу бойынша), ұлттық компаниялар, ұйымдардың басшылары, Қазақстан Республикасының аумағында осы қаулының 5-тармағында белгіленген салалардағы қызметті жүзеге асыратын, меншік нысанына қарамастан жеке және заңды тұлғалар:
1) профилактикалық егулер жүргізу қажеттілігіне ерекше назар аудара отырып, жаңа COVID-19 коронавирустық инфекциясының профилактикасы мәселелері бойынша жұмыскерлер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысын күшейтсін;
2) COVID-19-ға қарсы вакцинация алмаған жұмыскерлер (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) үшін күндізгі режимде жұмысқа жіберуді шектесін»,– делінген құжатта.

Жаңа қаулымен танысу үшін сілтемені басыңыз.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер