Сарапшы: Биыл Bitcoin құны 73-75 мың долларға дейін жетуі мүмкін

2402
Adyrna.kz Telegram

Капитализация бойынша бірінші криптовалюта — Bitcoin биыл жыл соңына дейін өзінің тарихи максимум деңгейін жаңартып, 73-75 мың долларға дейін көтеріледі деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы  "Риа Новостиге" сілтеме жасап.

Бұл туралы Стратегиялық даму орталығының сараптамалық клубының мүшесі Акмал Назиров айтты.

"65 мың доллар максималды бағасынан 60 пайыз  түзету тереңдігі (2021 жылы 14 сәуірде) биткоинға үш айдың ішінде құлдырау кезеңінен қалыпқа келуге кедергі келтірмеді. Қазір валюта 50 мың доллар шамасында саудалануда. Тренд сызығы алда бұл бағаның максимумнан асып кетуіне мүмкіндік береді", - деді ол.

Сарапшының айтуынша, биыл криптовалюта құны 73-75 мың долларға дейін жетуі мүмкін.

Айта кету керек, қыркүйек айында биткоин бағасы 45 мың доллардан жоғары бағамен сатылуда. Бұл сатып алушылардың криптовалютаға деген қызығушылығын көрсетеді.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер