Алакөл ауданында жайылымнан мал ұрлаған қылмыскер ұсталды

2241
Adyrna.kz Telegram

Алакөлдің полицейлері жедел іздестіру шаралары барысында мал ұрлайтын қылмыскерді әшкереледі. Бұл туралы "Жетісу" газеті мәлімдеді.

Алакөл ауданының полициясына Ақши ауылының тұрғыны жайылымнан екі бас ірі қара малының қолды болғанын хабарлаған. Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары мал ұрлығын ашуға бағытталған шараларды қабылдады.

- Аудан тұрғының арызы негізінде жедел іздестіру шараларын жүргіздік. Жан-жақты тексеру барысында 37 жастағы аудан тұрғыны қылмысқа қатысы бар деген күдікке ілінді. Бұлтартпас айғақтар негізінде ұсталған азамат қылмыс жасағанын мойындады. Ұрланған мал заңды иесіне қайтарылды. Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-1 бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - деді Алакөл ауданы полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Қуат Оспанов.

Тәртіп сақшылары ұрының аудандағы басқа да қылмыстарға қатысы барын тексеретін болады. Қылмыстық іс бойынша материалдар жақын арада сотқа жолданып, жеңіл олжаға ие болғысы келген азамат заң алдында жауап береді.

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Пікірлер