Судьяларға қазақ тілін үйрететін оқулық жарыққа шықты

3058
Adyrna.kz Telegram

Бүгінде сот жүйесінің кәсіби терминдерін қазақ тіліне аударуда әлі де болсын күрделі мәселелер бар. Әсіресе мемлекеттік тілде жүргізілген істі кейбір процеске қатысушы азаматтар мүлде түсінбей жатады. Осындай жағдай болмауы үшін Қарағанды облыстық соты тіл басқармасымен бірлесіп, сот жүйесінің қызметкерлеріне арналған оқулық шығарды деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Хабар 24-ке" сілтеме жасап.

120 академиялық сағаттан тұратын кітапта сот жүйесінің кәсіби терминдері барынша түсінікті етіп аударылған. Алдағы уақытта судьялар осы әдістеме бойынша білімін жетілдіреді. Кейін оқуды қаншалықты игергенін білу үшін емтихан тапсырады.

Атап өткен жөн, кәсіби салаға бейімделген тұңғыш оқулық өзге де облыстың сот қызметкерлері мен тілдер басқармаларына жіберіледі.

– Бұл кітаптың мақсаты – сот саласындағы қыметкерлердің қарапайым деңгейде оқып, тыңдап, жазып түсіну дағдыларын қалыптастыруға негізделді. Жалпы бұл кітапты жазуда сарапшы судьялар бізге көп көмек көрсетті десе болады. Жалпы, бұл кітапты бастамас бұрын 8 ай көлемінде сот саласындағы терминдерді, барлық іс жүргізу актілерінің үлгілерін қарап, сот отырысының хаттамалары, қылмыстық іс, азаматтық іс жүргізуді қарап, зерделеп барып кітап жазуға араластық, — дейді тілдерді оқыту орталығының әдіскері Мунира Ағымбаева.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Пікірлер