Жаңа оқу жылы: сіз білмейтін қызықтар

2632
Adyrna.kz Telegram

1 қыркүйектен бастап елімізде жаңа оқу жылы басталды. Осы орайда біз сіз білмейтін мына  қызықты мәліметтермен бөлісеміз. Сонымен...

— Әлемнің 43 елінде оқу жылы 1 қаңтардан басталса, 16 елде наурыз айында басталады.
— Жаңа оқу жылы біздің елімізде және әлемдегі 122 елде 1 қыркүйекте басталады.
— Чехияда ең жоғары баға "1", ал ең төмен баға "5". Францияда 20 балдық жүйедегі баға қойылады.
— "Сенбілік" Ресей патшалығы кезінде белгіленген.
— АҚШ туында бейнеленген жұлдызшаларды мектеп оқушысы ойлап тапқан.
— Америкалық жасөспірімдер уақытының шамамен 12 мың сағатын оқуға және 14 мың сағатын теледидар көруге жұмсайды.
— Ең көне оқу орны Фес қаласындағы "Карауин". Ол б.з.д. 859 жыл бұрын құрылған.
— Ең көп оқушы оқыған мектеп — Үндістанда. 28000 мыңға жуық оқушы оқыған.
— Ең ұзақ оқу Ұлыбританияда болды. Роберт Кронин 52 жыл оқып, 72 жасында оқу бітірген.
— Ең қымбат оқу орны — "Халықаралық бозбала мен бойжеткендердің мектебі". Оқу ақысы — бір айға 77,5 мың доллар тұрады.
— Ең ұзақ оқу 56 сағатқа созылған. Биология профессоры өзінің дәрісін оқыған. Бұл 2003 жылы Австралияда болған.
— Ең көп түлектер кездесуі Германияда өткен. Оған 2,5 мыңнан астам түлек жиналған. Кездесу мектептің жүз жылдығына орай ұйымдастырылған.

— Биыл елімізде 1-сыныпқа барған оқушылардың саны 394 мыңға жуықтап, рекордтық көрсеткішке жетті. Тіпті әліпбидің «Ш» мен «Ы» әріптері беріліп жатқан кластар да бар.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер