Тәліптер Ауғанстандағы 150 БАҚ-ты жауып тастады

2898
Adyrna.kz Telegram

Ауғанстан билігін басып алып, билікке келген Талибан радикалды қозғалысының көсемдері Ауғанстандағы 150-ге тарта БАҚ-тың жұмысын тоқтатып тастады. Бұл жайында Tolo News ақпараттық агенттігі хабарлады.

Жұмысын тоқтатқан БАҚ-тардың қатарына баспа жұмыстары, радиостанциялар, телеарналар, Масс-медиа салалары, экономикалық мәселелерді көтеретін ақпараттық орталықтар кірді.

Ал, тәліптер болса елдің экономикасының жаңа реформаларын жасаймыз деп жатыр. Бірақ тәліптердің бас-көзсіз әрекеттерінен жекелеген БАҚ-тар қолдаусыз, қаражатсыз қалды. Ауғанстандағы әлеуметтік-экономикалық мәселелерді ауқымды етіп көтеретін бірден бір арна Inakas телеарнасы болатын. Қазір бұл арна да қаржылық қысымға тап болып, өзінің жұмысын тоқтатты.

Ауғанстандағы БАҚ-тарды қолдаушы халықаралық ұйымдар егер де бұл жағдай жалғасын таба берсе, онда Ауған жеріндегі басқа да БАҚ-тар жабылып, мемлекет жабық режимге көшеді деп шулап жатыр.   

"Адырна" ұлттық порталы 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Природный чистильщик сосудов! Уже утром давление будет 120/80!
Пікірлер