Ауғанстанның Панджшер провинциясында ашаршылық асқынып барады

4045
Adyrna.kz Telegram

Ауғанстанның Панджшер провинциясында жағдай барған сайын қиындап барады. Панджшер жазығында орналасқан елді мекендердің бәрінде аштық пен әлеуметтік тоқырау орын алып жатыр. Бірнеше апта бойы байланыс пен каммуникациялық қызметтің бәрі тоқтаған. Бұл жайында Al Jazeera арнайы хабар таратты.

Соңғы ақпараттарға сүйенсек, Ауғанстанның Панджшер провинциясында жергілікті халық босып кеткен, анклавтардың бәрі қаңырап қалған. Мұның бәрі Талибан радикалды қозғалысы өздерінің жергілікті өңірлерде өздерінің басқару жүйесін орнатып, реформалар жасаймыз деген қателіктерінен туындаған.

Ал, провинциядан қашып шыққан адамдар көрші провинцияларда қандай жағдайлар орын алып жатқанын білмейді. Байланыс құралдары жұмыс істемей тұр. Халықтың жағдайы өте қиын. Азық-түлік пен гуманитарлық көмек дұрыс жеткізілмей отыр. Жер жерлердің бәрінде аштық асқынып барады. Кейбір ақпарат көздерінің айтуы бойынша, Панджшерде өте қорқынышты жағдайлар орын алған. Ондағы жергілікті тұрғындар өздерінің провинциясын "қара түнек" пен "қара ұйық" деп атауға көшкен, дейді Al Jazeera ақпараттық арнасы.

Осындай жағдайлар орын алғанына қарамастан, Панджшерліктер азаттық жолында әлі де жан аямай күресіп жатыр.

 

"Адырна"  ұлттық порталы 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Онколог: "Папилломы на шее и в подмышках означают раннюю стадию…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Пікірлер