Әлемде балалар белгісіз вируспен ауырып жатыр

2848
Adyrna.kz Telegram

АҚШ, Ұлыбритания, Швейцария және Жапония дәрігерлері әлемде балалар тыныс жолдарын зақымдайтын белгісіз респираторлық-синцитиалды вирусты жұқтыра бастағанын мәлімдеді деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "ВВС News" сайтына сілтеме жасап.

АҚШ-тағы Нью-Йорк ауруханаларының біріндегі балалардың жұқпалы аурулар бөлімінің меңгерушісі Рабиа Аганың айтуынша, сәбилер мен балалардың жаңа вирусты жұқтыру оқиғалары сәуір айында басталып, соның салдарынан реанимация бөлімшелері бірден толып кеткен.

Ғалымдардың мәлімдеуінше, коронавирус пандемиясы RSV таралуына әсер еткен және карантиндік шаралардың арқасында балаларда вирусқа қарсы иммунитет қалыптаспаған. Аурудың өршуі коронавирустан сақтандыру бойынша шаралар әлсірегеннен кейін пайда болған.

АҚШ ауруларды бақылау және алдын алу орталықтарының мәліметі бойынша, балалардың көпшілігінде вирус жөтел мен мұрыннан кірген суық секілді жеңіл өтеді. Бірақ кейбір жағдайларда бұл бронхитке, өкпенің төменгі бөлігінің қабынуына әкелуі мүмкін.

Бұған дейін АҚШ ауруларды бақылау және алдын алу орталықтарының мамандары коронавирустың "дельта" нұсқасы басым болғалы бері елде COVID-19 белгілері бар балаларды ауруханаға жатқызу саны күрт өскенін хабарлаған болатын. Алайда жаңа зерттеулердің нәтижелері, жаңа штамм қауіпті және аурудың ауыр түрін тудырады деген қорқыныштың негізсіз екенін көрсетеді.

 

 "Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер