Масқара болды: Путиннің 17-қыркүйекте басталған сайлауға 10 күні дауыс бергені анықталды (ВИДЕО)

8817
Adyrna.kz Telegram

Ресей президенті Владимир Путин 17-қыркүйек күні Мемдума сайлауына онлайн дауыс берді. Ол сайлауға тікелей қатыса алмады, себебі оның жанындағы бірнеше адамнан коронавирус анықталған болатын. Соған байланысты Ресей басшысы Ново-Огаревода оқшаулану режимін ұстануда. 

Кремль баспасөзі Путиннің онлайн дауыс беріп жатқаны бейнеленген видеоны жариялады. Онда Путин компьютер алдына отырып, пернетақтаны екі рет басады. Ал сол сәтте экранда "Рахмет, сіздің дауысыңыз саналды" деген жазу шығады.

БАҚ бұл видеоға барынша мұқият назар аударды. Себебі Путинде ұялы телефон болмаған, ал онлайн дауыс беру үшін телефонның болуы міндетті. Себебі телефонға арнайы СМС арқылы код келеді.  Бұл жайтқа байланысты Песков Путин жанындағы көмекшілерінің телефонын қолданғанын айтты. Ал Твиттер қолданушылары Путиннің қолындағы сағатта 10-қыркүйек деп тұрғанын аңғарған. Аталмыш фактілерге қарап Путин онлайн дауыс бермеген, видеоны бір апта бұрын дайындап, жүктей салған деген пікірлер айтылуда.

Песков Путиннің сағатында расымен басқа күн тұрғанын, алайда ол дауысты 17-қыркүйекте онлайн бергенін айтты. "Путин күнді сағаттан қарамайды" деді ол. 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер