Коронавирусқа қарсы вакцина алған қанша қазақстандық қайтыс болды?

3230
Adyrna.kz Telegram

Вакциналау науқаны басталғаннан бері Қазақстанда вакцинаның екі компонентін алған 482 адам коронавирустан қайтыс болды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Алексей Цой онлайн брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

1 ақпаннан бері коронавирусқа қарсы вакцина алған 482 адам індеттен көз жұмды.

- Бірінші ақпаннан тамыздың соңына дейінгі жағдай вакцина алған 482 адам қайтыс болды. Бұл коронавирустан көз жұмғандар санының шамамен 5%-ын құрайды, - деді Цой үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында.

Бұдан соң журналистер осы уақытқа дейін денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғинияттың 1 ақпаннан 31 шілдеге дейінгі аралықта 115 вакциналанған адам көз жұмғаны туралы ақпаратын еске салды.

Алексей Цой бұл ақпаннан тамыз айын қоса алғандағы статистика екенін жеткізді.

- 482 адамның бәрі – толық вакциналанғандар. Сіздер білесіздер, бізде шілде-тамыз айларында аурушаңдық өсіп, өлім-жітім көп болды. Сондықтан осындай айырмашылық бар. Бірақ бәрібір де коронавирустан қайтыс болғандардың дені вакцина алмағандар екенін көріп отырмыз. Сондықтан мен осыған назар аударуды сұраймын, - деді Цой.

Сондай-ақ, ол қайтыс болған азаматтардың қандай вакциналармен егілгенін айтты.

- CoronaVac - 23 адам, Спутник V -371 адам, Қытай вакцинасы Vero Cell және Hayat - Vax - 75 адам, QazVac - 13,  бұл негізінен Қазақстан нарығына жеткізілетін вакциналар санына сәйкес келеді - деп түйіндеді министр.

Айта кетейік, бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстанда 6 миллионнан астам адам вакцинациялаудың толық курсынан өткенін хабарлаған болатын. Оның айтуынша, тіпті кейбір шектеулерді алып тастауға мүмкіндік беретін иммундық қабат құрылған екен.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Пікірлер