Мектептер мен балабақшаларды жабайық: Өзбекстанда балалар арасында белгісіз ауру тарауда

2966
Adyrna.kz Telegram

Өзбекстанның әлеуметтік желі қолданушылары арасында балалар арасында белгісіз ауру тарап жатқаны жайлы ақпараттар желдей есуде. Осыған байланысты Ташкент қаласының белгілі дәрігері мектептер мен балабақшаларды 10 күндік карантинге жабуға шақырды. 

Өзбекстанның Денсаулық сақтау министрлігі дәрігер кәсіби этиканы сақтап, алдымен ауру қаупі жайлы министрлікке хабарлауы тиіс деген ойда. "Егер ақпарат рас болса біз тиісті шараларды қабылдар едік" дейді министрлік. Министрлік балалардың жиі ауыруы маусымдық кезеңге сай деп отыр.

«Тұмау белгісімен ауруханаға түсіп жатқан балалардың барлығында маусымдық кезеңге байланысты суық тию десек болады. Нақты емнен кейін олар 3-4 күннің ішінде жазылып шығуда. Сондықтан мектептер мен балабақшаларды жабудың еш қажеттілігі жоқ», - деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер