Елордадағы стадион толығымен бұзылып, жаңасы салынады

3559
Adyrna.kz Telegram

Елордада осыдан 85 жыл бұрын салынған Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы орталық стадион апаттық жағдайда деп танылды. Ғимарат пен трибуна толық қиратылып, орнына жаңа кешен салынады. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Стадион салынғанына тура 85 жыл. Спорт кешені 1936 жылы ашылды. Стадионға 12 250 көрермен сияды. 

Әкімдіктің мәліметінше спорт кешені апаттық жағдайда.

"Мұңайтпасов атындағы орталық стадион апатты деп танылғандықтан, бүгінде жобалау-іздестіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Спорт кешені эскиздік жобаны әзірлеу сатысында", - деді әкімдік баспасөз қызметінің өкілдері. 

Айтуларынша, жай жөндеу жұмыстары емес, стадион толығымен бұзылып, қайта жаңасы тұрғызылады.

”Адырна” ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У кого болят колени и суставы - читайте пока не удалили!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Врач рекомендует! Найден злейший враг боли в суставах!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Приматывал это к коленями 3 ночи подряд и суставы не болят уже…
Пікірлер