Атырауда тұрақта тұрған көліктен 2 млн теңге ұрлап кеткен (видео)

3750
Adyrna.kz Telegram

12 әқазанда сағат 13: 31 -де қала тұрғыны Атырау полициясына хабарласып, белгісіз біреу оның Kia Sportage көлігінің терезесін сындырып, көліктен 2 миллион теңгені ұрлап кеткенін айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Полиция қызметкерлері бейнебақылау камераларындағы жазбаларды зерттей келе, ВАЗ-2114 маркалы автокөліктің зардап шегушінің көлігінің артынан ұзақ жүргенін байқады.

Күдікті көлік Индер ауданы Жарсуат ауылынан 132 шақырым жерде тоқтатылды. Машинаны, жүргізушіні және екі жолаушыны тексеру кезінде оралған күйде 2 миллион теңге тәркіленді.

"40, 44 және 47 жастағы ер адамдар Орал, Ақтөбе және Шымкент тұрғындары екені анықталды. Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 88 -бабының 3-бөлігі «Ұрлық» бойынша қылмыстық іс тіркелді. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта бұл азаматтардың басқа қылмыстарға қатыстылығы анықталуда", деді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Пікірлер