Ғалымдар: "В6 және В12 витаминдерін көп мөлшерде қабылдау өкпе ісігіне әкеледі"

2450
Adyrna.kz Telegram

В6 және В12 витаминдерін көп мөлшерде қабылдау өкпе ісігінің дамуын тездетеді. Бұл туралы Огайо мемлекеттік университетінің ғалымдары жүргізген зерттеуде көрсетілген деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "РИА Новостиге" сілтеме жасап.

Зерттеу барысында сарапшылар 77 мыңнан астам адаммен сауалнама жүргізіп, В дәруменін қаншалықты жиі қабылдайтынын сұраған. Зерттеуде кейінгі он жылдағы тамақ рационы да ескерілген.

Алты жылдан кейін зерттеушілер өкпенің қатерлі ісігінің белгілерін анықтау үшін тәжірибеге қатысушылардың денсаулығын тексерген. Қатерлі ісік ауруының қаупіне әсер ететін көрсеткіштерді тексергеннен кейін, ғалымдар В12 дәруменімен байланысты дербес өкпе обырының қаупі 30 пайызға және В6 витаминін қабылдағанда, 40 пайызға жоғарылайтынын хабарлады.

Әсіресе, ер адамдардың көп мөлшерде қабылдауы айтарлықтай зиян екені айтылды.

"В12 витаминін тәулігіне 55 микрограмнан көп қабылдаған ер адамдарда В дәруменін қабылдамаған ер адамдарға қарағанда өкпе ісігінің дамуы 98 пайызға жоғары болды. Шылым шеккен, витаминді көп мөлшерде қабылдаған ер адамдарда өкпе рагының даму ықтималдығы үш-төрт есе көп",- дейді зерттеудің жетекші авторы Теодор Брасчи.

Ол В6 дәрумені әдетте 100 миллиграмм таблеткада, ал В12 500-3000 миллиграмм таблеткада сатылатынын, ал бірінші витаминге ұсынылатын тәуліктік мөлшерлеме екі миллиграмм, ал екіншісі 2,4 миллиграмм екенін айтты. Сонымен қатар, мультивитаминді кешендерде осы витаминдердің дозасы бар екенін атап өтті.

Сондай-ақ, Дүниежүзілік қатерлі ісік ауруларын зерттеу қорына тамақтануды тек диета арқылы жүргізуді ұсынады. В6 және В12 витаминдеріне бай тағамдарға балық, ет, құс еті жатады.

 

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер