Оқушылардың қауіпсіздігі - қаперде

1634
Adyrna.kz Telegram

Жаңа оқу жылын бастаған оқушылардың қауіпсіздігі басты назарда. Шымкент қаласы Полиция департаментінің бастығы Ералы Жумаханбетовтің бастамасымен қаладағы барлық мектептің алдында Ювеналды полиция қызметкерлері үш ауысымды кезекшілікке тұрады. Ондағы мақсат - балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу. Мектеп аумағында құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету, автокөлік жүргізушілерінің, әсіресе мектеп маңында, жол қозғалысы ережелерін бұзуға жол бермеу дейді тәртіп сақшылары.

1 қыркүйектен бастап Полиция департаментінің қызметкерлері қала мектептерінің маңында табаннан тік тұрып, оқушылардың қауіпсіздігін қамтамассыз етеді. Өздігінен жолдан өте алмайтын кішкентай балғындарға полицейлер көмекке келеді. Тұрғындар жол бойында кезекшіліктің ұйымдастырылуы мектепке балаларын таси алмайтын  жұмысбасты ата-аналар үшін тиімді дейді.

Нұрбағила Салиева, ата-ана :

Полицейлер тұрғанда балаларды мектепке өздерін жібере аламыз...

КСМ:   Жолға жақын орналасқан білім ошақтары аумағында жол белгілерінің орналасуы, реттеу таңбалары мен құралдардың сапасы да ерекше назарда.  Тәртіп сақшылары мектеп маңайларында 3 ауысыммен кезекшілікке шығады.

Нұрлан Ермекбаев Шымкент қаласы жол полициясы қызметі басқармасының инспекторы: 9037 жасөспірімдердің және жаяу жүргіншілердің жолда жүру қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оларға жолда жүру ережелерін түсіндіру мақсатында, күнделікті таңғы сағат 07:30-08:30, түскі сағат 12:30-14:30 және кешкі сағат 17:30-19:30 уақыт аралығында мектеп инспекторлары мен патрульдік полиция қызметкерлері қала аумағындағы барлық мектептің маңындағы жолдардан оқушылардың қауіпсіз өтуін қамтамасыз ету бағытында қызмет атқарады.

Айта кетейік, қалада 23-31 тамыз аралығында «Абайлаңыз, балалар» атты жедел профилактикалық іс-шарасы өткен болатын. Шара кезінде тәртіп сақшылары  жол жүру ережелерін бұзуға 7 мыңнан астам жәйтті анықтаған. Мектеп маңындағы көшелерде 140 жол белгілері орнатылып, 15 жасанды жол кедергілері қойылыпты.

 

М.Рысбаева

Пікірлер