«Жомарт жүрек» байқауының жеңімпаздары анықталды

1763
Adyrna.kz Telegram

Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Жомарт жүрек» жобасы қолға алынған болатын. Аталған жоба Шымкентте жалғасын тауып, туған өлкені дамытуға үлес қосқан азаматтар анықталды. Бүгін Абай ауданында осындай жанашыр жандарды салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Шараға аудан әкімі Бұхарбай Парманов қатысып, жеңімпаздарға алғысын білдірді.

Аталған шара алдымен Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауын тыңдаудан басталды. Одан кейін елге еңбегі сіңген азаматтарды марапаттаумен жалғасты.  Осы орайда әрқашанда халықтың мұң-мұқтажын билікке жеткізіп жүрген халық қалаулысы Қуаныш Даулеталиев те бұл номинациядан кенде қалмады.  Аз қамтылған көпбалалы отбасыларға  жетім балалар мен мүгедектерге, Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне, көмек көрсеткені үшін «Туған өлке» номинациясы бойынша марапатталды.

Қуаныш Даулеталиев – Шымкент  қалалық  мәслихатының  депутаты

Шарада өңірде азаматтық ұстанымы мен әртүрлі бағыттағы ауқымды қайырымдылық қызметі үшін «Жыл меценаты», «Жыл тұлғасы», «Туған өлке», «Жылдың үздік қамқоршысы» және «Жылдың үздік ұйымы»  номинация жеңімпаздары анықталды. Аудан әкімінің орынбасары бұл іс-шара алдағы уақытта да жалғасатынын жеткізді.

Нұрлан Тілеш – Абай ауданы әкімінің орынбасары

Иә, жомарттықтың негізгі өзегі – қайырымдылық. Жоқтықтың тауқіметін тартып, бардың байлығына мұқтаж жандар бар қоғамда. Мұндайда дана қазақ «кең адамның күніне бір үйі кеңиді, тар адамның күніне бір үйі кемиді» деп бірауыз сөзбен кең пейілді адамның кемімейтінін өнеге еткен. Бұл бағытта жүзеге асып жатқан «Жомарт жүрек» жобасының берері мол.

 

Айдана Қуанышқызы

Пікірлер