«Домалақ ана» операсы Нұр-Сұлтанда аншлагпен өтті

1644
Adyrna.kz Telegram

Шымкент қалалық опера және балет театрының ұжымы Нұр-сұлтаннан гастрольдік сапардан оралды. Әріптестері шығармашыл топты ерекше сән-салтанатпен қарсы алды.

Өнерпаздар бас қалада «Домалақ ана» операсын аншлагпен қойып қайтты. Айта кетейік, туындыда қазақ тарихындағы аты аңызға айналған абыз ананың өзіне тән қасиетті бейнесі көрініс тапқан. Жас қыз Нуриланың ана атанып, өсиет пен рухани құндылықтарға және аналық мейірге толы ғұмыры арқылы ана махаббаты суреттелген. Театр жетекшілерінің айтуынша, елордалық көрерменнің ықыласы да   ерекше болған. Қойылымның әсерлі болғаны соншалық, шымкенттік ұжымды еліміздің  өзге де аймақтарынан келген әріптестері қонаққа шақырыпты. Ал қыркүйек айының ортасында үшінші мегаполисте театрдың маусымашар салтанаты өтеді, деп жоспарланып отыр

Майра Мұхамедқызы, Шымкент опера және балет театрының директоры: «Астана опера театрындағы қойылымымыз керемет өтті. Елордалықтар қонақжайлылық танытты. Қала тұрғындары мен қонақтары, Үкімет мүшелері мен басқа да лауазымды тұлғалар операны тамашалап, жақсы бағалады. Ал Астана театрының ұжымы бізге асқан қошемет көрсетіп, "Домалақ ана" операсын сахналауға, дайындыққа көмектесті. Біздің театр мұндай жоғары дәрежелі гастрольге алғаш рет шығып отыр, жауапкершілігі жоғары миссияны ойдағыдай орындадық деген сенімдеміз»

М.Рысбаева

Пікірлер