Айтыстың аққуы едіңіз, коучтың қарғасына айналдыңыз!

5138

Қоғам белсендісі, құқық қорғаушы Айгүл Орынбек Айнұр Тұрсынбаеваға арнап өтініш хатын жолдады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Өз Facebook парақшасында жариялаған жазбасында “айтыстың аққуы едіңіз, коучтардың қарғасы боп барасыз” деп сынады.

Естеріңізде болса, Айнұр Тұрсынбаева бір жыл бұрын ковидтен ауырып жатқан мыңдаған адамға ИВЛ аппаратын тарту еткен еді.

Апатайым ау!

Қан сасып дем жетпей жатқан халқыңа дем беріп бір қуантып едің!

“Миллионер боламын”, деп Стамбулға ағылып далада қаңғып қалып жатқан әйелдердің көшін тоқтатып бір қуантыңыз!

“Әйелдердің өзінде ми жоқ па?”,депсіз!
Ия, сіздердің ертегі өмірлеріңізді көріп жүрген әйелдерде ми қалмады!

Сіздің тәтті сөздеріңізге миы уланған әйелдер, сіздің жаныңызда жүрген құзғындарға жем болып жатыр!

Халқыңның жүрегінде қазақтың мұңын жырлап жүрген қазақтың Айнұры болып орын алдың!
Мына құзғындардың арқасында халқыңнан қарғыс алып жүрмеңіз деп осылай ашық жазып отырмын!

Өзіңізге жеке ескертіп айтпадым емес, айттым!
Сол құзғындарды ел алдында жарнамалап жүрген соң, таяқтың бір ұшы сізге де тиеді деп!
Менің сөздерім сізге ұнамағанын білем, дос жылатып айтады деген сөз бар емес пе?
Бұл жазбамды сізді жамандыққа қимай жазып отырмын деп қабылдаңыз!

Айтыстың аққуы едіңіз, коучтардың қарғасы болып барасыз апатай!

Мен сізді баяғы айтыстың аққуы ретінде көргім келеді!,-деп жазды Айгүл Орынбек.

”Адырна” ұлттық порталы 

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар