Шымкенттің 4 ауданында жастар орталығы ашылды

1536
Adyrna.kz Telegram

Шымкенттің жастары бұдан былай орталыққа қарай сабылмайтын болды. Олар өздері тұратын аудандағы орталыққа барып қажетті кеңес алуға жол ашылды. Тіпті, өзін жан-жақты дамытамын дегендер үшінде мүмкіндіктер қарастырылған. Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай шымшаһардағы 4 ауданда ашылған бөлімшелерді бүгін қала әкімі Мұрат Әйтенов өзі барып көріп қайтты.

Әрбір бағыт бойынша мұнда жастар шығармашылықтарын шыңдап қана қоймай, жас кәсіпкерге айналуда ғажап емес. Оларға кеңес беруде тыңғылықты тірлікті талап еткен қала әкімі Мұрат Әйтенов несиелендіру жолдары арқылы  жан-жақты мүмкіндіктерді қарастырған жөн екенін айтты.

Ерлан Айтбаев – Шымкент қалалық жастар ресурстық орталығының директоры

Қаратау ауданынан ашылған бөлімше ғимараттың орналасу жеріне де аса мән берілген. Жанында 2 мектеп, 4 оқу орталығы, саябақ,  гүлзар,  театр, мәдениет үйі, кітапхана, аула клубы, 50 шақты көпқабатты үй бар. Мұның өзі жастармен жұмыс жүргізуге, олардың бос уақытын тиімді өткізуге қолайлы болып отыр. Дегенмен, келешекте ғимарат аумағын үлкейтуді қала әкімі қолдап отыр.

Мұрат Әйтенов – Шымкент қаласының әкімі

Орталықтың жұмысымен танысып, жастармен сұқбаттасқан шаһар басшысы аралау соңында «Қазақстан жастар конгресі» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры Тоқтар Болысовпен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Шымкент – жастардың қаласы. Бүгінде қала халқының 23 пайызын жастар құрайды. Оның ішінде Қаратау, Әл-Фараби, Абай аудандарындағы жастардың үлесі басымырақ болса, Еңбекшіде бұл көрсеткіш  төмендеу екен. Шаһарда ашылған орталық бөлімшелері Әл-Фараби ауданы бойынша  сол бұрынғы ЖРО орталығында орналасса, Абай ауданы бойынша Кремлёвский көшесі  38/2 үйінде орналасқан. Ал, Қаратауда Нұрсат шағын ауданы 200/18 үй болып бекітілсе, Еңбекшідегі бөлімшені Теріскей көшесінен таба аласыз.

Пікірлер