Нұр-Сұлтандық әйел бір жасар баласымен 12-қабаттан секіріп кетпек болған (видео)

2207
Adyrna.kz Telegram

22 қазан күні кешке Нұр-Сұлтанда жас ана баласымен бірге 12-ші қабаттан секіріп кетпек болды, деп хабарлайды "Адырна" сайты zakon.kz-ке сілтеп. 

Сағат 17: 30-да Кубрин көшесінде полиция капитаны Қайрат Нариманов зәулім ғимараттың балконында 12-ші қабаттан аяғы салбырап тұрған қолында баласы бар әйелді байқады. Ол секіруге бекініп қоршауда отырған сыңайлы көрінген. Полиция қызметкері бірден әрекет етіп, кіре беріске жүгіріп барып, сол этажға көтерілген. Секірмек болған әйелге артық сөз айтпастан бірден ұмтылып, оның өмірін құтқарып қалды, - деп хабарлайды Нұр -Сұлтан ПД баспасөз қызметі.

21 жастағы келіншек отбасындағы жанжалдан кейін шарасыз әрекетке бел буған. Бұл кезде оның қолында бір жарым жасар баласы болған.

Сол күні мен күнделікті ауысымнан кейін демалыс күнім болды. Балабақшадан балалармен қайтып келе жатып, мен ауладан үрйеленіп қарап тұрған азаматтарды және балкон қоршауында отырған әйелді көрдім. Мен ойланбастан кіре беріске қарай жүгірдім, сол сәтте куәгерлердің бірі менімен бірге лифтке жүгірді. Бақытымызға орай, бәрі ойдағыдай аяқталды, мен әйелді ұстап алып, ішке кіргіздім, - деді полицей.

Жас ананы шарасыз күйге түсірген жұбайына қатысты ұйғарым шығарылып, отбасы ерекше бақылауға алынды. Әйелмен профилактикалық әңгіме жүргізіліп, психологиялық көмек көрсетілді.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер