Түркіменстандағы қазақтардың тұрмыс-жағдайы қандай? (видео)

3674
Adyrna.kz Telegram

25 қазанда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркіменстанға сапары аясында "Мир" телеарнасы осы елдегі этникалық қазақтардың бақытты өмірі туралы репортаж жасады деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Turkmen.News-ке" сілтеме жасап.

Репортаж барысында бүгінде Түркіменстанда мыңдаған қазақ отбасы тұратыны, олардың көпшілігі бір емес, бірнеше ұрпақ бойы қалыптасқанын, өйткені оларға бұл елде барлық жағдай жасалғаны айтылады.

Репортажда жас кезінде Ашхабадқа көшіп келген егде әйелдің отбасы көрсетіледі. Ол өзінің ұрпақтарының барлығы бақытты өмір сүріп жатқанын және Түркіменстанда қалғысы келетінін айтады. Бағдарламада отбасы мүшелері қазақтың ұлттық әндерін шырқап, бас киімдерді кестелеу, ет тағамын жасау өнерін паш етеді.

"Turkmen.News-тің" хабарлауынша, бұл репортаж тек осы арнада көрсетілген. Ал Түркіменстанның телеарналарында Қ.Тоқаевтың сапарының құрметіне де қазақ ұлтының өмір сүру фактісі де айтылмаған.  Негізінен, Түркіменстанда этникалық қазақтардың тұратыны "Turkmenistan Today" мемлекеттік ақпарат агенттігінің көптеген хабарларында айтылмайды.

"Шындығында, Түркіменстандағы басқа ұлттар сияқты қазақтардың да жағдайы керемет емес. Экономикалық дағдарыстан, жұмыссыздықтан, азық-түлік тапшылығынан және адам құқықтарының бұзылуынан мұндағы өзге ұлттар көбінесе түрікмендерге қарағанда көбірек зардап шегеді", - деп жазады "Turkmen.News".

"Түркіменстанда түрікмен тілінен басқа тілдерде оқытатын мектептер мүлдем жоқ. Сондықтан мұндағы саны аз ұлт өкілдері өз Отандарына жаппай қоныс аударуда. Мәселен, биылғы жылдың ақпан айында қоныс аударушылардың көбі Түркіменстаннан Қазақстанға жөнелтілді», - деп жазды басылым.

 

 

"Адырна" ұлттық порталы.

 

Пікірлер